Түркістан облысында Елбасы тапсырмасы мерзімінен бұрын орындалды. ҚР Тұңғыш Президенті Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыруды тапсырған болатын. Өткен жылғы жұмыс нәтижесі бойынша Түркістан облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортының көлемі 5 есе өсіп, 105,1 миллион АҚШ $ -ға жетті. Биыл да бұл көрсеткішті арттыру көзделген. Осылайша Түркістан облысында бес жылдық жоспар қысқа уақытта артығымен орындалып отыр.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде агроөнеркәсіп кешеніндегі бір жұмысшыға шаққанда еңбек өнімділігі 2500 мың теңгені құрап, 2,2 есе өскен.
Облыста мектепке дейінгі ұйымдарды толығымен таза ауыз сумен, ыстық сумен және ішкі әжетханалармен (кәріз жүйесімен) қамту жұмыстары жүзеге асуда.
