• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысында 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 300 млрд. теңгені құрады

19.02.2021
0

    «Облыс аумағындағы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 65,8%-ға артып, 300 млрд. теңгені құрады. Елімізде өзекті болып отырған баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, жылдың қорытындысымен нақты 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма 18,6%-ға артығымен орындалды»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде.
Халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы ортақ мақсат – міндеттермен бөлісті. Бұл жылы құрылыс көлемін 335 млрд. теңгеге жеткізіп, тұрғын үй құрылысын 7568 мың шаршы метрге жеткізіледі.«Түркістан халықаралық әуежайынан республикаішілік және шет елдерге әуе рейстері бағыттары ашылады. Облыс бойынша 200 қоғамдық көлікті жаңарту және Түркістан қаласына 50 жаңа автобус сатып алу жүзеге асады. «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында облысқа жалпы 13,5 млрд. теңге бөлініп, 336 жоба іске асырылды. Облыста 11 мектеп, 2 балабақша, 3 денсаулық сақтау, 1 спорт, 2 мәдениет, 9 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша нысандары және 474 шақырым жол жөндеуден өтті. Биыл 116 жобаны іске асыру жоспарланды»,-деді облыс әкімі өз сөзінде. Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 54 нысанның құрылысына 18,3 млрд. теңге қарастырылып, 28 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, бес елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейі 92,1%-ды құрады. Биыл тағы 49 нысанның құрылысы жүруде. Басым бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін 20 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 14 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Нәтижесінде, халықтың 93,3% немесе 710 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 2020 жылы 41 табиғи газ нысанының құрылысына 14,1 млрд. теңге бағытталып, жылдың қорытындысымен 23 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 423 елді мекен немесе 1 млн. 274 мың адам табиғи газбен қамтылды. Биыл 24 нысан пайдалануға беріліп, 434 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады. «Түркістан облысы елді мекендерін сапалы тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етудің 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес 172 елді мекенді сапалы электр қуатымен толығымен қамту жоспарлануда. Ескі трансформаторлар мен ауыстыруды қажет ететін ағаш электр бағаналары жаңартылады. Өткен жылы 26 нысанның құрылысына 4,4 млрд.теңге қаржы бағытталып, 17 нысан пайдалануға берілді. Биыл жүріп жатқан 26 нысанның 17-сі жақын уақытта пайдалануға беріледі. Қалғаны 2022 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 27,7 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылатын болады. 2020 жылы автомобиль жолдарын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 54,8 млрд. теңге қаралып, 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 1 525,4 шақырымы пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 74,1%-дан 79%-ға дейін артты. Биыл 609 шқ. Жол мен елді мекен көшелерін жөндеу жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.