• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОБЛЫСТА 729,7 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

19.02.2021
0

Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 2020 жылы 729,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артты. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде үшінші орында. Негізгі капиталға 58 млрд. теңге инвестициялар тартылып, 13%-ға артты. Республикадағы үлесі – 10,1%-ды құрады. Өңделген өнім экспорттың көлемі 105,1 млн. АҚШ долларына жетіп, 47,6%-ға артты. Оның ішінде Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында тұр. Жылды қорытындылап, ел алдында есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге жеке тоқталды.
848 мың гектарға жуық алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, өткен жылдан 19 мың гектарға артты. Мал мен құс басы және өнімділік орташа 6-7%-ға ұлғайды. Нәтижесінде жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласында бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 млн. 429,4 мың теңгені құрап, 17 %-ға артты. «Біз, агроөнеркәсіп кешені әлеуетін одан әрі дамыту үшін негізгі үш бағытта жұмыстар атқарудамыз. Бірінші бағыт бойынша қала аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында құны 46,7 млрд. теңге құрайтын 6 серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Кентау қаласы «Шаға» ауылдық округінде 29 бірлік АҚШ, Австралия технологияларымен 1 355 гектар жаңбырлатып суғару машинасы орнатылды. Жалпы жоспар 11 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделуде. Сондай-ақ, құны 15 млрд. теңге құрайтын «50 га заманауи жылыжай кешенін құру» жобасы іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыруға әуежай бағытынан 86 га жер телімі бөлінді. Екінші бағыт бойынша «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы қолға алынып, биылғы жылы 128 ауыл округінен 5,2 мың гектарға 1 999 жоба іске асырылып, 262,5 мың тонна өнім алынды. Ал, үшінші бағыт бойынша үйіргелік жерлерді игеру қолға алынды. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылды, әр отбасы 850 мың теңгеден табыс тапты. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды»,-деді Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде. Бұдан бөлек, «Түркістан облысын әлеуметтік — экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, «Түркістан магистральдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. «Сыйымдылығы 18 млн. текше метр (м/3) Кеңсай — Қосқорған-2» су қоймасы салынып, «Жетікөл көлдер жүйесін» қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Түркістан магистральдық каналын» толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық каналын салынып жатыр. Нәтижесінде, жылына ағын су пайдалану көлемі қосымша 195,4 млн. (м/3) артып, жыл-сайын қосымша 14 млрд. теңгенің өнімін өндіру мүмкіндігі ашылады.Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 843,4 мың гектарға орналастыру, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 2 760 бірлік жобаны жүзеге асыру, 10,2 мың гектарға су үнемдеу технологиясын енгізіп, жалпы көлемін 34,3 мың га жеткізу көзделген. Негізгі капиталға 61 млрд., тамақ өндірісіне 9,6 млрд. теңге инвестиция тарту, балық шаруашылығын дамытып, 2030 жылға дейін тауарлы өндіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізіп, экспорттық әлеуетті арттыру жоспарланған. Жалпы өнім көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізіп, бұл салада бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 млн. 830 мың тенгеге жеткізіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.