Облыстағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы бірнеше бағыттар бойынша жасақталған. Пандемия басталғалы өкпені жасанды желдету аппараттарының саны артып, қосымша төрт оттегі станциясы орнатылған. Оттегі концентраторлары мен оттегі нүктелерінің артты Облыстық бюджет есебінен компьютерлік томограф пен үш дана сандық рентген аппараттары орнатылды. Өңірде дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры құрылған.
«Былтырдан бастап өңірде денсаулық сақтау саласында 78,5 млрд. теңгенің 7 нысаны салынуда. Түркістан қаласында жаңа үлгідегі 200 орындық жаңа үлгідегі көпсалалы медициналық орталық пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларымен Түркістан қаласында 100 төсек орынға арналған «Ана мен бала орталығының» құрылысын іске асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, оң нәтижесін тапты. Жоба келер жылы пайдалануға беріледі»,-деді облыс әкімі.


