Одан бөлек, шаруалардың тындырымды еңбектерінің арқасында былтыр ауданда 65,5 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілсе, оның ішінде мал шаруашылығы — 13 млрд 99 млн теңге, ал өсімдік шаруашылығы — 8 млрд, 320 млн теңгені құраған. Тиісінше былтырғы жылмен салыстырғанда 5 млрд теңгеге артық өндірілген. Аталған салаға 2020 жылы 2 млрд 600млн теңгенің инвестициясы тартылып, 2019 жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі екі есеге артқан. Күзгі және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада бөлінген 9500 тонна жанар-жағармай шаруаларға үлестірілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі