ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Атап айтсақ, Келес ауданы Көкбұлақ елді мекенінің тұрғыны Әлия Жангелдиева ауылдағы көшелердің күрделі жөндеуден өтуі бойынша сауал қойды. Ауыл ішіндегі жолдың сметалық құжаттамасы өткен жылы әзірленген. Биыл жергілікті бюджетке енгізілді. Жол жыл соңына дейін толық жөндеуден өтеді. Әкім қабылдауында болған Арыс қаласының тұрғыны сирек кездесетін целиакия диагнозымен ауыратын егіз балаларына глютенсіз тағамдарын алуға облыс тарапынан көмек көрсетуін сұрады. Облыс бойынша осы дертке шалдыққан 60-тан аса бала тіркелген. Өмірзақ Естайұлы наурыз айында өтетін Түркістан облыстық маслихатының сессиясына мүгедек балаларға целиакия ауруы бойынша жергілікті бюджет есебінен глютенсіз тағам алуға ұсыныс дайындалатынын жеткізді.
Облыс әкімінің қабылдауына жазылған Қалдықыз Мұсаева облыс әкімінен 22 жастағы ұлын жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді сұрады. Бұл отбасы тұрғылықты мекен — жайы бойынша Шымкент қаласында тіркелген екен. Түркістан қаласында жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін тұрғылықты мекенжайы Түркістанда болу қажеттілігі түсіндірілді. Содан кейін өз мамандығы бойынша «Жастар практикасына» қабылданып, жолдама берілетін болады. Түркістан қаласының тұрғыны Елтай Бимахамбетов Түркістан қаласында Қазыбек биге ескерткіш орнату мәселесін көтерді. Облыс әкімі мұндай мәселенің тікелей Мәдениет және спорт министрлігінің «Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидалары» бұйрығына сәйкес іске асырылатынын түсіндірді.
«Мұндай мәселелерге біз өте мұқият қараймыз. Талаппен қараймыз. Оның өз тәртібі бар. Заң талаптарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қажетті құжаттарды ұсынады. Сосын облыстық мәдениет басқармасы тиісті құжаттарды жинақтап, министрлік жанынан құрылған арнайы комиссияға ұсынады. Комиссияның қорытындысымен мақұлданған жағдайда, ескерткішті орнату мәселесі қарастырылатын болады», — деді облыс әкімі.
Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданының тұрғындары ауыз су мәселесін көтерді. Мақталы а/о, Жайлаукөл елді мекеніне жыл соңына дейін жаңадан ауыз су құбыры тартылмақ. Ал, Түркістан қаласындағы жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету бойынша сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, жобалауға ұсынылады. Құрылыс жұмыстары 2022 жылға жоспарланды.
«Кезінде инфрақұрылымы жүргізілмей, бірден үйлер салынып кеткен жерлерге құбыр жүргізу қиын. Бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі.
Өмірзақ Шөкеев түркістандықтардың ұсыныс — шағымдарын жеке бақылауына алып, жауапты тұлғаларға әр азаматтың мәселесін жіті талдап, қысқа мерзімде заң аясында шешуді тапсырды.Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...
Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.