• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

17.02.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. Шымкентте Үкімет басшысына өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Оны биыл қазан айында іске қосу көзделген.

А. Мамин биыл пайдалануға беру жоспарланған Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көлік жолайырығының құрылысын тексерді.  Сонымен қатар Үкімет басшысы сорғы қондырғыларын, құбыр арматурасын және электр жабдығын шығаратын «Karlskrona LC AB» ЖШС-ға барды. Кәсіпорынның қуаттылығы 2,5 мыңнан 10 мыңға дейін су сорғысын, сондай-ақ 7 мың тонна құйма мен стандартты емес жабдықтарды құрайды. Премьер-Министр «Шымкент Сити» шағын ауданының құрылыс барысымен танысты, онда инвесторлар «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, тұрғын үй құрылысы (532 мың шаршы метр тұрғын үй) және білім беру (3800 орындық 2 мектеп) салаларындағы 9 жобаны іске асыруға 199 млрд теңге бағыттайды.

Биылғы қаңтар айында Шымкент қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 9,6%-ға ұлғайып, 54,4 млрд теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты динамика байқалып отыр, ол жыл басынан бері 10,6%-ға өсті. Фармацевтика (+54,6%), кокс және мұнай өнімдерін өндіру (+12,6%), өзге де металл емес өнімдер (+12,2%), азық-түлік өнімдерін шығару (+7,2%) өсімнің негізгі қозғалтқыштарына айналды. Құрылыс көлемі 27,5%-ға – 1,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды, 32,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы сәйкес көрсеткіштен 2,8 есе артық. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі 2,1 млрд теңгеге жетіп, 8,8%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,8 млрд теңгеге дейін өсті, бұл 2020 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 2,7 есе көп. 2021-2025 жылдары Шымкент қаласында 11 500 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 1,36 трлн теңге сомасына 123 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды. Биыл 2300 жұмыс орнын ашумен 129,2 млрд теңгеге 61 жобаны іске асыру жоспарлануда. Премьер-Министр Түркістан облысындағы суармалы су тапшылығын жою және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың барысын – Түркістан магистралдық арнасын күрделі жөндеу және оны Сырдария өзенінен толтыру үшін машина арнасын салу, «Қосқорған» және «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, Жетікөл көл жүйесін қайта жөндеу жөніндегі жобалар жұмысының барысын тексерді. Осы жобаларды іске асыру су пайдаланудың жыл сайынғы көлемін 195,4 млн текше метрге арттыруға және АӨК өндіретін өнім көлемін 14 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Түркістан қаласында Үкімет басшысы әуежай аумағының абаттандырылуымен, тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен және қаланың іскерлік орталығының дамуымен, сондай-ақ инвестициялық жобалардың — «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш Президент саябағының, «Ұлы дала елі» орталығының және Б. Саттарханов даңғылындағы желілік саябақтың іске асырылуымен танысты.

primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.