Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамы толықты, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі. «Ауыл» Халықтық-Демократиялық партиясының өкілі Әлібек Өмірәлиев, «Ақжол» Демократиялық партиясының белсендісі Анарбек Орман және қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов кеңес мүшелері болып бекітілді.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне қойылған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің 2020 жылды қорытындылаған есебінен кейін, 6 мәселе кеңес мүшелерімен талқыланды.
Айта кетейік, аудан-қала әкімдерінің халық алдындағы есеп беру науқаны аяқталды. Карантиндік тәртіпке сәйкес, тұрғындармен онлайн жүздескен басшылар дамудың басым бағыттарын айқындап берді. Жалпы жыл қорытындысымен облыс бойынша тұрғындар тарапынан жалпы 63 046 өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру аясында және тұрғындардың өтініштерін бір жерден шешу мақсатында, барлық аудан-қала орталықтарында «Фронт-офис» кеңселері жұмысын жүргізіп жатыр.