Қолдау алатын компаниялар мен кәсіпорындар қатарына жеке сауда саласындағы, қонақ үй, туристік қызмет, кинотеатр, фитнес-орталықтар, көлік жөндеу мен техсервис қызметі секілді қызмет көрсететін 29 түрлі сала енген. Назар салыңыз! Аталмыш бағдарламаға қатысудағы басты шарттардың бірі – кәсіпкерде 2020 жылдың 16 наурызы күнін есепке алғандағы мерзімде 180 күннен асқан несие мөлшерлемесі немесе негізгі қарызы бойынша кешіктіру, яки қарызы болмау керек. Ал, қолдаудың жаңа шарасы, яғни субсидиялау кезеңі 2021 жылдың 15 наурызына дейін көзделіп отыр.
«Батырға оң солы не?»,- демей ме дана қазақ. Иә, талаптанған тау жығып, таңдай қақтырады. Тау жықпаса да, облыста тың кәсіптің көзін тауып, нәпақасын адалынан тауып отырған жандардың бірі Халилов Рахматулла. Бала кезде «қораз кәмпит» деп аталатын тәтті естеріңізде ме? Міне, дәл сондай тәттілерді өндіру үшін отбасылық кәсіпті 4 жыл бұрын бастаған жас кәсіпкер қазіргі таңда жалпы саны 8 адамды жұмыспен қамтып отыр екен. Бағасы да қолжетімді. Балалық шақтың бал дәмін еске түсірген тәттінің дайындалу технологиясы 100% шеберлердің қолынан өтеді. Алдымен 5 литр суға 4 келі шекер қосып қайнатады. Одан әрмен 2 келі глюкозаны қосып отты 170-180 градусқа көбейтіп, сарғыш түске айналғанға дейін күтеді. Басында қарапайым болып көрінгенімен қызығы соңында басталды. Түрлі түсті бояғыш заттарды қосып, ерітіндімен араластырғанда жасыл сары кейіпке ене түсті. Одан кейін оларды реттестіріп, бір қалыпқа келтіре бастады. Қарап тұрсақ тәттілердің пішінін шығару көзін тапқанға қиын емес екен.


