Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ұлттық спорт түрлерінен Түркістан облысының чемпионаты өтті
    Айғақ MEDIA

    Ұлттық спорт түрлерінен Түркістан облысының чемпионаты өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.02.2021968 Views

    Ұлттық  спорт  түрлерінен  жастар  мен жасөспірімдер  арасында Түркістан  облысының  чемпионаты  аяқталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің  30  жылдығына  арналған  бұл  жарысқа өңіріміздің  талантты  жастары  қатысты. Өңірде ұлттық спорт түрлері кеңінен дамып келеді. Жастар  мен жасөспірімдер арасында  жекелей өткен сайыста садақ  атудан  жасөспірімдер  арасында бас  жүлдені төлебилік Иманбек Асылбек  иеленді. Сарыағаш  ауданының  намысын  қорғаған  Әділ Бейтенов  күміс  жүлдегер, ал, Жасұлан Жұмабек қола  жүлдегер  атанды. Жастар  арасында Шұғыла Мәшіріп облыс  чемпионы  атанса, Иманғали Аубек күміс, Төлеби ауданының  өкілі Жанарыс Исақ қола жүлдені  қанағат  етті.     Теңге ілуден Сарыағаш  ауданынан келген Мейрамбек Керімжан  мықтылығын  танытып, облыс  чемпионы  атанды. Ал, жастар  арасында Ордабасы ауданынан Рахат Қамбаров жеңімпаз  атанды. Жасөспірімдер  мен жастар арасында  аяқталған  бұл  сайыста аударыспақтан 5  салмақ  бойынша  бақ  сынасты. Жамбы  атудан  өзінің мықтылығын  көрсетіп, алтын  медаль  иеленген Нысанбай Медет бұл  сайысқа жоғары  дайындық жасаған. Жамбы  атудан жасөспірімдер  арасында Мырзахан Тұрдыбай топ  жарды. Ордабасылық Қанат Бақтыбай күміс  жүлдені, Сарыағаш ауданының  дарынды  жас спортшысы Абай Қуанышов  қола  жүлдені иеленді. Теңге  ілуден Ордабасы ауданының спортшысы Рахат Қамбаров бас  жүлдені жеңіп  алды. Ал, Нұрбағлан Садуақас облыс  чемпионатының  күміс  жүлдегері атанды. Ордабасылық Досжан  Тастеміров қола  жүлдені  місе  тұтты. Жарысты  ұйымдастырушылар үздік  ойын  көрсеткен жастар  арасында  бірқатар  үздік  номинацияларды  тағайындалады. Құсбегілік  өнер  жарысында ителгі, бүркіт, қаршыға  және «Ең  жас  құсбелгі»  номинациясы  бойынша жас спортшылар марапатталды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.