Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА
    Айғақ MEDIA

    САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.2021534 Views

    Сарыағаш ауданында өткен жылы жалпы құны 10,3 млрд.  теңгеге 22 нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтқанда, екі тұрғын үй мен бес білім ошақтары бой көтерді. Сондай-ақ табиғи газбен қамту бойынша 3 нысан, электр қуатымен қамтуға қатысты екі нысан, алты ауыз сумен қамту нысандары, үш кәріз жүйесі бойынша нысандар және инженерлі комуникация нысандары салынуда. Биыл тағы 28 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Халықты табиғи газбен қамту үлесі жөнінде өткен жылы  54% пайыз болса,  биыл тағы 14 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, қамту үлесін 75%-ға жеткізу көзделуде. Ал, ауыз сумен қамту бүгінгі таңда 60% пайыз болса, биылғы жылдың соңына дейін тағы төрт елді мекенге таза ауыз құбырлары тартылып, қамту үлесі 66%-ға жеткізілмек.Сонымен қатар, Сарыағаш топтасқан ауыз су жүйесі мекемесі өз тарапынан 39,2 млн.  теңгеге үш нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп, 4,8 млн.  теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Биыл үш нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құбырларды ауыстырып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда. 

    Сапалы электр энергиясымен аудан халқының 98,6 пайызы қамтылған. Өткен жылы екі нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы толық аяқталатын болады.  Соның ішінде, Жарты төбе а/о, Ынтымақ және Достық елді мекендердің электр қуатымен қамтамасыз етілмек. Биыл  сондай-ақ, үш елді мекеннің жарық беру құрылғылары жаңартылатын болады. Аудандық электр торабы мекемесі тарапынан өткен жылы 36 елді мекенде 50 шақырымға жуық электр сымдары және бағаналары жаңартылған болса, 15 дана қуатты трансформатор ауыстырылды. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тауып, 50 шақырымнан астам электр сымдары жаңартылып, 19 дана қуатты трансформаторды алмастыру жұмыстарын 34 елді мекенде жүргізу көзделіп отыр.Жалпы ауданда былтыр 55 шақырымнан астатын 34 көшенің орташа жөндеу жұмыстары және бір жаңа көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 42 шақырымды құрайтын 27 көшенің құрылысына  882,5 млн. теңге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.