Жетінші шақырылымға сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары кезектен тыс екінші сессияда бас қосты. Күн тәртібінде үш мәселе көтерілді. Мегаполисті басқару схемасына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, екі бірдей басқарманың атауы өзгертілді. Функционалды міндеттері нақтыланды.Шымкент қаласының туризм басқармасының функционалдық міндетіне енді сыртқы байланыстарды үйлестіру ісі берілді. Сәйкесінше мемлекеттік мекеме «Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» болып аталады. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының құзырындағы су шаруашылғының негізгі міндеттері мен функциялары Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жауапкершілігіне жүктелді. Басқарма атауы «қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы» деп ауыстырылды.