Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА АҒАШ ЕГІП, КӨШЕНІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТУДА
    Агро

    ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА АҒАШ ЕГІП, КӨШЕНІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.02.2021731 Views

    Түркістан қаласының тұрғындары қала тазалығы үшін бей-жай қарамады. Өз аумақтарын қоқыстан тазартып қана қоймай, ағаш егу жұмыстарын да бірлігін танытып атқарды. Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігінің 12 дербес бөлімі мен «Түркістан-Су», «Түркістан Жылу», «Оңтүстік Жарық Транзит» және басқа мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінен бөлек, 16 облыстық департамент және 17 басқарма қызметкерлері мен қала тұрғындары да шараға атсалысты. Одан өзге, кәсіпкерлер мен еріктілер де ниеттерін білдіріп, қала тазалығы үшін немқұрайлы қарамайтынын танытты. Ақпараттық қолдау көрсетуге келген БАҚ өкілдері де игі істен шет қалмады. Тазалық науқаны аясында қалалық саябаққа (дендросаябақ) бүгін 124 қарағай егіледі. Сонымен қатар, Тікұшақ алаңы, Майлин сквері, Жандосов, Ерубаева көшелерінде шынар, терек, қарағаш сынды 1456 ағаш егілуі жоспарланған. Одан өзге, көше бойлары мен арықшалардағы қоқыстар да тазартылуда.Жалпы, тазалық науқаны үшін «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» тарапынан қала картасы дайындалды. Дүйсенбі атқарылған шара бойынша арнайы мәжіліс өтіп, шет қалған аумақтар бойынша алдағы уақытта кезегімен жұмыстар жалғасатын болады. Жалпы, бүгінгі тазалық науқанында 40-қа жуық техника жұмылдырылды. #TurkistanTazaQala бастамасы аясында іске асқан шара әр сенбі жалғасады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.