ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ
Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...
Сарыағаш ауданында көрші елмен байланыстырып тұрған 3 шекаралық кеден бекеті және темір жол кеден бекеті жұмыс жасайды. Атап айтқанда, «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қабланбек» арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері қарым-қатынас жасауда. Сарыағаш ауданы Өзбекстанның бірнеше аудандарымен шектеседі. Осындай географиялық мүмкіндікті пайдаланып ауданда Өзбекстан Республикасымен сауда-саттықты дамыту үшін халықаралық сауда кешенін құру өте маңызға ие.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру туралы тапсырма берген болатын. Ағымдағы жылдың 26-қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысына «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесін жеделдетуді тапсырды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және Өзбекстан Республикасының Инвестиция және сыртқы саудасының бірінші вице-министрі Л.Кудратов Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, шекара маңындағы бекеттердің жұмысымен танысты,- деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Министр «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қабланбек» шекаралық кеден бекеттері мен Сарыағаш станциясындағы халықаралық темір жол кеден бекетіне арнайы барып көріп, халықаралық сауда орталығын құру үшін нысандардың мүмкіндіктерін қарап шықты. Аудан әкімі Мұхит Отаршиев бекеттердің жұмысы мен мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында «Жібек Жолы» шекара бекетіндегі кездесуде Өзбекстанның вице-премьері С.Умирзаковпен Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесі талқыланды.
Сапардың ең маңызды нәтижесі-көп жылдық келіссөздерге нүкте қою және алдағы айларда «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының жобасын нақты іске асыруға кірісу туралы шешім болды.
Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...
Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...
Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.