ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ
Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Апта соңында сенбілікке жиналған көпшілік ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жер анаға жақсылық жасаудан қалыс қалмады. Қаланы қаптаған қалың тұман шаһарды тазалау жұмыстарына үлес қосуға келген 2500-ге жуық қала тұрғынына кедергі бола алмады. Оған себеп — таза қала – әрбір тұрғынның мақтанышы. Аталмыш іс-шараға қала тұрғындарынан бөлек, 59 мекеме, 220 кәсіпкер,сондай-ақ, Түркістан қалалық мәслихат депутаттары да қатысты.
Сенбілік жұмыстары жүргізілген басты аймақтардың бірі Түркістан қаласындағы Дендросаябақ. Аумағы 30 гектарды құрайтын саябақтың абаттандырудың қазіргі таңда 70 пайызы аяқталған. 12 мыңға жуық ағаш бар қаланың жасыл өкпесі болашақта талай түркістандықтың серуен құрып, сейілдейтін орыны болмақ.
Бұл жерге отырғызылған ағаштардың көбісінің өзіндік ерекшеліктері бар. Яғни, қылқанжапырақтылар оттегіні бөліп, көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Ол әрине адам ағзасына өте пайдалы. Әрі ағаштарды отырғызу технологиясы да аса ұқыптылықпен орындалуда.
Күн тәртібінде жалпы саны 1500-ден астам түрлі ағаш отырғызылды. Айта кетейік, TurkistanTazaQala бастамасы аясында іске асқан шара ақпан айының әр сенбісінде жалғасатын болады. Нәтижесінде 1 айдың ішінде 50 000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, таза қала акциясы аясында белсенділік танытқан жандарға әкімшілік тарапынан арнайы сыйлықтар қарастырылмақ.
Қаланы тазалау жұмыстарына жастар да бей-жай қараған жоқ. Саябақтарда ағаш отырғызудан бөлек, су арналары, көше бойлары, ғимарат маңайлары мен демалыс орындары да тазартылды. Жастар тарапынан белсенділік танытқан азаматтар барша қала тұрғындарын сенбіліктен шет қалмай, таза қала акциясына қатысуға шақырды.
Ағымдағы жылдың алғашқы жалпықалалық сенбілігі саябақтар мен скверлер, сонымен қатар Тікұшақ алаңы, Майлин сквері, Жандосов, Ерубаев көшелерінде жүргізілді. Аталмыш іс-шараға 40-қа жуық техника жұмылдырылып, ұйымдастырушылар тарапынан керекті құрал жабдықтар да үлестірілді. Нәтижесінде Түркістан қаласы 500 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...
Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...
Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...
Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...
Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.