Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте 23 шетелдік ота жасатты
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте 23 шетелдік ота жасатты

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.02.2021292 Views

        Үшінші мегаполистегі ақ халаттылар трансплантация бойынша республикада 1-ші орынға шықпақ. «Оған білікті мамандар мен заманауи құрал-жабдықтарымыз жетеді», -дейді №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Әбдіжаппарұлы.     Орталықтағы білікті дәрігерлерді ел азаматтарынан бөлек, Германия, Канада, Израиль, Румыния секілді шет мемлекеттерден арнайы іздеп келіп, осы уақытқа дейін 23 азамат бүйрек ауыстыру отасын жасатқан.    Бауыр отасын 5 сағат 48 минутта жасап, қазақстандық рекордты жаңартқан Абылай Әбдіжаппарұлы бүгінде көп жүректің үміті болып отыр. Аталмыш отаны жасатқан науқастың бүгінгі жай-күйі бірқалыпты дейді жауапты мамандар. Осындай күрделі отаны дәрігерлер өздері жасау үшін 5 жыл ішінде шетелде біліктілігін арттыру мақсатында 216 сағаттық тәжірибеден өтіп отырады екен. Нақтырақ айтсақ, Корея, Жапония, Белоруссия, Ресей, тағы да басқа ТМД елдеріне барады.

       Айта кетейік, бүгінгі таңда орталықта бауыр ауыстыру бойынша – 150, бүйрек ауыстырумен– 614 азамат кезекте тұр. Статистикаға назар аударар болсақ, трансплантация жасататындардың орта жас шамасы – 35-45 жас аралығын құрайды. Ауруханада өткен жылы эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты органдарды ауыстыру біршама тоқтап қалған. Биыл мұндай жағдай орын алмайды деп сендіріп отыр сала мамандары.  Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.