Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Мақтааралда 16 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
    Агро

    Мақтааралда 16 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.02.2021920 Views

       Мақтаарал ауданында мақта өнімдерін өндірумен қатар күріш өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамуда. Ауданда асфальт-бетон өнімдерін өндіру, май өндіру, тамақ өнеркәсібі, сусындар шығару бойынша кәсіпорындары артты. Нәтижесінде былтырғы жылы Мақтаарал ауданындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 млрд.теңгеге жеткен. 2019 жылы бұл көрсеткіш 10,7 млрд. теңгенің көлемінде болған. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі де жоспардан асыра орындалып, 14 млрд. теңгеге жеткен.     Шағын және микробизнес ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Яғни, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Бұл ретте ауданда 10 мыңнан астам кәсіпкерлік бірліктері тіркелген. Өткен жылы аудан кәсіпкерлері жеңілдетілген пайызбен түрлі несие ұйымдарынан 556,4 миллион теңге несие алып, жаңа жобалар бойынша жұмыс жүргізген.    Мәселен, былтыр жеке кәсіпкер К.Қосаеваға тиесілі жалпы құны 105 миллион теңгені құрайтын күріш өнімін өңдейтін шағын зауыт іске қосылып, 15 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. 2020 жылы кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында 3 мыңнан астам азаматтарға кеңес, 150-ге жуық сервистік қызметтер берілген. 133 кәсіпкерге заңгерлік қолдау көрсетілді. Одан бөлек, «Бизнес бастау» және «Бизнес кеңесші» мемлкеттік бағдарламалары аясында 300-ден астам азамат білім алған. 1 мыңнан астам мақтааралдық кәсіпкерлік негіздеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алған.  Жалпы өңдеу және өндіріс өнеркәсібін дамыту мақсатында биыл  Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі  8 млрд. теңгеден аспақ. 200 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын  екі жоба іске асырылуда. Ауданда «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жоспардағы 5 мыңның орнына 8 мыңнан астамы қамтылып, бұл көрсеткіш 150%-ға артық орындалған. 150 азамат қысқа мерзімдік кәсіптік оқудан өтіп, 60 адам жұмысқа орналасты. 3 мыңға жуық мақтааралдық қоғамдық жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына 800 адам тартылып, жастар практикасына 720 адам жолданған.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.