Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 10 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5955 жағдайы тіркелген. Оның 3042-і симптомды болса, 2913-і симптомсыз. Нәтижесінде 5435 адам емделіп шыққан.
Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 877-сы бос. Ал, жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 183 науқас ем қабылдауда.
Ескерте кетейік, қала тұрғындары карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауын ұстанғаны абзал. Әр адам бетперде тағып, көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүргені дұрыс.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы