Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Сайрам: 2020 жылы 7999 адам жұмыспен қамтылған
    Айғақ MEDIA

    Сайрам: 2020 жылы 7999 адам жұмыспен қамтылған

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.02.2021364 Views

       Ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекет басты назарда ұстайтын бағыттың бірі – әлеуметтік сала. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында жыл өткен сайын әлеуметтік саланың әлеуеті артып, жұмыссыздықпен күресу үшін әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде іске асып келеді. Ондағы негізгі мақсат — еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Дәл осы мақсатта Сайрам ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, өткен жылы ауданда 7999 азамат жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп отырған кәсіпкерлер жетерлік. Тіпті пробациялық есепте тұрған азаматтар да назардан тыс қалмаған. Жалпы саны 28 азамат тіркеуде тұр. Денсаулығына байланысты кейбірі жұмыс істеуден бас тартқан көрінеді.    Санаттары бойынша саралайтын болсақ, жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 2168 азаматты, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар санатында 2640 азаматты және жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 2531 азаматты жұмыспен қамту көзделсе, 50 азаматты техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды даярлау курстарына оқуға жолдау жоспарланды. Сондай-ақ елімізде орын алған әлемдік пандемия салдарынан еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында салалық министрлік тарапынан қабылданған дағдарысқа қарсы іс-шаралар негізінде, ауданымыздың кешенді жоспарына қосымша 1503 азаматты бағдарламаның белсенді шараларына қатыстыру міндеттеліп, жұмыспен қамтудың жалпы жоспары 8892 азаматқа ұлғайып отыр.    Сондай-ақ  4805 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен және 294 азаматты бағдарлама аясында жаңа жұмыс орындарымен қамту жоспарланып, жыл қорытындысымен 3862 азамат тұрақты бос жұмыс орындарына жолданса, ал мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы 68 жоба іске асырылып 294 азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтылған.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.