Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады.