Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында тұрғын үй бағасы мен құрылыс материалдарының қымбаттауы талқыланды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында тұрғын үй бағасы мен құрылыс материалдарының қымбаттауы талқыланды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.02.2021268 Views

        Тұрғын үй және құрылыс материалдарының қымбаттауына жол берілмейді. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша «Тұрғын үй нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу» туралы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы жиналыс өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдар, құрылыс материалдарын өндірушілер, құрылыс компанияларының басшылары бас қосты.    Жиналыста Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысында құрылыс қарқынды жүріп жатқанын және құрылыс материалдарына бағаның өсуі, тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың соңғы тұтынушыға аса қымбат болуына жол берілмейтінін айтты. Сондықтан да баға тұрақтандырылмақ. Облыс аумағында құрылыс индустриясы бойынша 50-ден аса кәсіпорын жұмыс атқарады. Өткен жылдың қаңтар-ақпан айында облыста 21,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 137,9%-ға өскен. Өңдеу өнеркәсібіндегі құрылыс саласының үлесі 8%-дан астамын құрайды.    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов қазіргі нарықтағы құрылыс материалдарының негізсіз қымбаттауы бойынша құрылыс өнімдерін өндіретін кәсіпорын жетекшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

        Мәжіліс барысында, құрылыс материалдарының негізсіз өсу себептері талқыланды. Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев Елбасының «Түркістан қаласын көркейту», Мемлекет Басшысының «Тұрғын үй нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу» тапсырмаларын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға құрылыс материалдарының бағаларын қадағалауға, жедел жұмыс тобын құруды, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарға мониторинг жұмыстарын 1 апта мерзімде жүргізуді тапсырды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.