Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкенттік дәрігерді шет елден науқастар іздеп келеді
    Айғақ MEDIA

    Шымкенттік дәрігерді шет елден науқастар іздеп келеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.02.2021377 Views

       Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ тәсілмен емдейді. Осындай алтын қолды дәрігерлердің бірі – Давран Арыбжанов.

    Давран Арыбжанов 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Давран Тұрсынқұлұлы қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға сапалы ем жасап, олардың өмірін ұзарту үшін Ресей, Аустрия, Германия елдерінде оқудан өтіп, біліктілігін арттырған. Білікті маман заманауи әдістің көмегімен 12 жылдан бері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеп, оң нәтижелерге қол жеткізуде.

    – Біз Қазақстанда алғаш болып тамыр ішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісін енгіздік. Бұл тәсіл арқылы қатерлі ісіктің тамырына химиялық заттар 100 пайыз жіберіледі. Нәтижесінде қатерлі ісікті емдеу 20-30 пайыз жақсарады. Бұл ауыр халдегі обыр ауруына шалдыққан науқастардың өмірін ұзартады. Тамыр ішілік химиотерапия және химиоэмболизация әдісі бойынша ем алу үшін Шымкенттегі онкологиялық орталыққа еліміздің өзге де облыстарынан науқастар келеді. Тіпті шекара асып, ем іздеп келетін азаматтар да бар. Мұндай ота түрі ми, мойын, бауыр, ұйқы безі, жатыр мойны, бүйрек, бауыр ісіктеріне шалдыққан науқастарға жасалады, – дейді қалалық онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлы онкология бөлімінің меңгерушісі Давранбек Арыбжанов.

    Бүгінге дейін Давран Арыбжановтың жетекшілігімен бес мыңнан аса науқасқа осындай операция түрі жасалған. Бүгінде қалалық онкологиялық орталықтағы білікті маманға сұраныс артып келеді. Еліміздің өзге өңірлерінен бөлек, тіпті, Астрахань, Мәскеу қалалары мен Өзбекстаннан науқастар келіп, ем алуда.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.