Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Жұма намазы» ауыл мешіттерінде ғана оқылады
    Айғақ MEDIA

    «Жұма намазы» ауыл мешіттерінде ғана оқылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.02.2021739 Views

           Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің оң шешіміне сәйкес, 4 ақпаннан бастап ауыл мешіттерінде жұма намазы оқыла бастады. Бұл туралы ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов баспасөз жиынында мәлім етті. Облыс имамының айтуынша, ең бастысы тиісті талаптарды орындай отырып, мешіттердің сыйымдылығын 30%-дан асырмау қажет. Сонымен бірге құлшылық кезіндегі мешіттерде жүзеге асатын санитарлық іс-шаралар тәртібі мен ережелер басты назарда болуы тиіс деді. Бұдан өзге Еркебұлан Ибрайымұлы ІV-республикалық имамдар форумында қабылданған жаңа бастамаларға да тоқталып өтті. Аталмыш форумда «Зияткер имам», «Зират салу, Зиярат әдебі», «Дастархан жаю әдебі» сияқты маңызды құжаттар қабылданған. Соның негізінде облыста жоспар түзіліп, тиісті жұмыстар қолға алынуда.
    Сондай-ақ, ҚМДБ Төралқа мәжілісінде 7 түрлі бағыт бекітілген. Яғни, бұрын имамдар төрт бағыт бойынша жұмыс істейтін болса, енді олардың саны жетеуге жетіп отыр. Оған қоса өңірде діни оңалту бойынша «мобильді топ» құрылған. Оның мақсаты облысымыздағы жат ағымның жетегінде жүрген азаматтарға білікті имамдар арқылы жүргізілетін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жандандыру болып табылады. Зияткерлік заман талабы болғандықтан имамдарды жан-жақты білімді әрі білікті ету шаралары қабылданған.
    Бұқарамен байланыс орнату үшін онлайн уағыз, тұрақты діни дәрістер, рухани кездесулер, сұрақ-жауап сұхбаттары өткізіліп келеді. Енді ихсан ілімін насихаттау қолға алынды. Яки, адамгершілік, адами қарым-қатынас, әрекет, сыйластық, ұлттық тәрбиедегі қазақы құндылықтар насихатталады.

    Айғақ — ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.