ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Төлеби аудандық мәслихаты депуттарының қолдауымен Түркістан облысы әкімінің өкімімен Төлеби ауданының әкімі болып Телғараев Төлеген Тұртайұлы тағайындалды, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі. Қазығұрт ауданын басқарған 5 жылда ауыл шаруашылығы саласын өркендеткен Төлеген Тұртайұлы бүгіннен бастап Төлебидің әлеуметтік ауанын арттыруға білек сыбана кірісіп кетті. 120 мыңға жуық тұрғыны бар ауданның туристік әлеуеті қалыптасқан. Таулы аймақтың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қарышты қадамдар одан әрі жалғасын тауып, ауыл шаруашылығындағы ілгері істі еселей түсуде Төлеген Телғараевтың алдында жауапкершілік жүгі тұр.
Төлеби ауданының жаңа әкімін аппарат жиынында Өмірзақ Шөкеевтің өзі таныстырды.