Қазығұрт ауданына жаңа әкім тағайындалды, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі. Бұл лауазымға мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол Абдуллаев Арман Айдарұлы келді. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Қазығұрт аудандық мәслихаты депуттарының қолдауымен Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қазығұрт ауданының әкімі қызметін Арман Абдуллаев жалғастырады. Ол бұған дейін Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасын басқарды. Мамандығы бойынша инженер-экономист Абдуллаев менеджментті де меңгерген білікті маман. Мансап жолында түрлі қызметтерді атқарған жаңа әкімнің алдында Қазығұрт ауданының экономикасын көтеру әрі ілгерілету міндеті тұр.