• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Өмірзақ Шөкеев: Жемқорлықпен күресте «бейресми жолды» жою керек

06.02.2021
0

Ел аумағында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік органдарға жүгінген азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа тап болғандарының үлесі 11,3%-ды құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1% төмендеген. Мәселені «бейресми жолмен» шешуде қызығушылық білдіргендер — 43,9%, делдалдарға жүгіну — 24,4%-ды құраған. Мұны Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры жүргізген сауалдаманың нәтижесі анықтап берді. Бұл зерттеу жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған.

 

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары және бейнеконференция арқылы өңірге қарасты қала, аудандардың әкімдері қатысты. Комиссия отырысында «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жарияланып,   «Ашық диалог» порталына келіп түскен шағымдар бойынша жүргізілген сауалнама  қорытындысы бойынша ұсынымдар  ортаға салынды.

Алқалы жиында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы қол қойған  «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына бекітілген өзгерістердің маңыздылығын алға тартып, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мекемелерге барынша халыққа қолайлы әрі сапалы  қызмет көрсетуге басымдық беру қажеттігін  жеткізді. 

 

«Жобалық кеңсе жұмыс істеп жатыр, «Ашық әкімдік» бар, мұның бәрі превенция, яғни, алдын алу жағынан өте дұрыс бастамалар.  Сондықтан барлық аудандарда ашық әкімшілік ашуымыз керек. Арада жүрген делдардар бар, осы секілді жолдан тайдыратын «көмекшілермен» күресу қажет. Жемқорлықпен күресте осы «бейресми жолды» жою керек», — деді облыс әкімі.

Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бірінші орынбасары Мирас Қарғабай БҰҰ — ң Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған зерттеу қорытындыларын жеткізді. Бұл ретте, бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықта делдалдардың үлесі 6% — ға өскенін және бұл карантин уақытында түсіндіру жұмыстарының ақсағанымен байланысты екендігін, сондай-ақ жергілікті тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесуге дайын емес өңірлердің бар екенін атап өтті.

Мәлімдеуінше, Түркістан облысында жемқорлыққа тап болғандардың үлесі жалпықазақстандық деңгейден төмен, яғни – 7,5% құрап отыр.  Азаматтар тарапынан мәселені бейресми жолмен шешуге келісім беру 5% — ға азайған. Делдал ретінде көбінесе таныстар (42,0%) және «көмекшілер» (21,5%) келеді екен.

Бұдан бөлек, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен 2020 жылы атқарылған жұмыстар баяндалып,  өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді  сапалы, жедел және кедергісіз алуын қамтамасыз ету мақсатында  бүгінгі күні облысқа қарасты барлық қала, аудандардағы  әкімдіктер толықтай  «Сервистік әкімдік» үлгісіне көшкендігі мәлімделді.

Комиссия отырысында Келес, Сарыағаш, Жетісай аудандарының әкімдері мен қоғамдық денсаулық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық Департаментімен бірлесе нақты шаралар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.

Жиын соңында өңірде жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.