Шымкент қаласының, Төлеби, Мақтаарал аудандарының «Құрметті азаматы» Ошақбай Көлбаев 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Ол 1937 жылы 6 қарашада Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайрат ауылында туылған. 1954 жылы Ильич қазақ орта орта мектебін күміс медальмен бітіріп, Алматыдағы қазақ ауыл шаруашылығы институтының механизация факультетіне оқуға түсті, 1959 жылы институтты бітіріп, Ильич ауданында ауыл шаруашылық инспекциясында бас инженер болып қызмет істеді. 1962 жылы «Комсорг Обкома по Кировскому территориальнему» қызметін атқарған. Сырдария облысы Обком Партия Комитетінің хатшысы.1967 жылдан 1975 жылға дейін Сырдария облыстық савхоздар тресінде директордың бірінші орынбасары, кейін директоры болып қызмет етті. 1975 жылы Шымкент обкомына нұсқаушы, 1977-1980 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары, 1980-1982 жылдары Сырдария партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1982-1985 жылдары Мақтаарал ауданы партия комитетінің хатшысы, 1985 жылдан бастап Ленгiр аудандық автотранспорт кәсiпорнының директоры қызметтерін атқарған.
Ауыл шаруашылығы саласының үздігі «Құрмет белгісі» орденімен наградталған.
Ел ағасы Ошақбай Оспанұлы Көлбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.