Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді
    Айғақ MEDIA

    Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.02.2021381 Views

       Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Қаулы бойынша, талаптар сақталған кезде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі.

    Құжаттың тағы жаңалығы діни нысандарға байланысты. Мысалы, «қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандарда ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Ал «жасыл» аймақта мешіттерде толымдығы 30 пайызға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құлшылыққа рұқсат етілген. 150 адамға дейін, толымдығы 25 пайыздан аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат етілген.

    «Қазақстанға шетелден әуерейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген  Анықтаманы ұсынуға міндетті;

    Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

    халықаралық транзитпен қатынайтын жолаушылар транзитті аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады», — делінген қаулыда.

    Қазақстанға мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автомобиль өту жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шаралар мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етіледі:

    Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі — Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локоматив бригадаларының мүшелерін, қызметі темір жол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген Анықтаманы ұсынуға міндетті; Қазақстан Республикасына темір жол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өту жолдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, локоматив бригадаларының мүшелерін; темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.