• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 29-орын алды

05.02.2021
0

      ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» форумының ашылуына қатысты. Форум ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дүниежүзілік экономикалық форум президенті Берге Бренденің бейне үндеулерінен басталды. Онлайн режимінде Google-дің вице-президенті Винт Серф сөз сөйледі. Форумның пленарлық сессиясына Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстан Премьер-Министрі Улукбек Марипов, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мен ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қатысты. Форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткенін, бұл едәуір дәрежеде мемлекеттік және жекеменшік секторлардың барлық салаларына цифрлық шешімдердің енгізілуінің өсуімен байланысты екенін атап өтті. «Айқын шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмысын жеделдеттік. 2020 жылы 20 мың талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша МЖӘ жобасы аяқталды. 1 000-нан астам мобильді байланыстың базалық станциясы орнатылды, бұл өңірлердегі технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде Қазақстан халқын интернетпен қамту бүгінде 99%-ды құрайды», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы ҚР азаматтары үшін тұлға биометриясы бойынша қашықтан сәйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті. Жиынтықты құжат айналымы, мобильді жұмыс орны, кадрлық әкімшілендіруге және әлеуметтік төлемдерге онлайн тәсілдер қолдану секілді жобалар белсенді енгізілуде. Онлайн форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі 93%-ға дейін жеткізілді. Соның нәтижесінде, 2020 жылы Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 10 позицияға көтеріліп, 193 елдің арасында 29-орынға ие болды. Бөлшек сауда құрылымындағы электрондық сауда көлемі өткен жылы 3 есеге жуық – 3,8%-дан 9,7%-ға дейін өсті.

   Халықтың қолма-қол ақшасыз операцияларының көлемі 2,5 есеге, 14,1 трлн теңгеден 35,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды мемлекетімізді тиімді цифрландыру жылы деп өткізуді тапсырды. Қазірдің өзінде біз «ауқымды деректер» қағидаттарын мемлекеттік органдардың жұмысына терең интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. «Data-driven government» тұжырымдамасы шеңберінде деректерді жинау және өңдеу әзірлеуден бастап, тиімділік мониторинг жүргізуге дейінгі барлық кезеңдерде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың факторына айналады», — деді А. Мамин. Премьер-Министр цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары 5G жабынымен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Деректерді өңдеу және сақтау саласына инвестициялар 6 есеге артады (82 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін). Электрондық сауданың үлесі 2 есе ұлғайтылатын болады. «Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады, бұл АКТ экспорты көлемінің 25 еседен астам өсуіне әкеледі. АT-саласында шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады, бұл сыни массаны қалыптастыруға және экономиканың барлық салаларында мультипликативтік әсерді іске қосуға көмектеседі», — деді А. Мамин. Форумға қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді көрсету, фискалдық деректерді сараптау, сондай-ақ қаржы-банк және телекоммуникация салаларындағы цифрлық жобалар көрмесімен танысты.

Дереккөз: primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.