Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: 16 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОЗБАЛА ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ШАҚЫРУ УЧАСКЕСІНЕН АЛАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: 16 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОЗБАЛА ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ШАҚЫРУ УЧАСКЕСІНЕН АЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.02.20211 073 Views

    Биыл Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында 17 жасқа толатын 16 мыңға жуық бозбаланы алғашқы әскери есепке қою жоспарланып отыр. Бұл туралы Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Кулдербаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

    «Әскери есепке қою кешенді және өте маңызды рәсім. Әскери есепке алғаш тұрған жасөспірімдерге жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу бойынша қосымша үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Бұл міндетті процедура болып саналады. Жоспарлы іс-шара карантиндік шектеулерге байланысты санитарлық-эпидемологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады»,-деді майор Жандос Тынымбекұлы.
    Жастарды алғашқы әскери есепке қою үшін қажетті құжаттар түгенделіп, әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексеруден өтеді. Балалары есепке тұру үшін медициналық тексеруден өтпеген ата-аналар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға немесе бөлімге жүгінуі қажет.
    Негзінен алғашқы әскери есепке қою республика көлемінде қаңтар-наурыз айлары аралығында өтеді. Болашақ Отан қорғаушылар мен олардың ата-аналары бұл шараға түсіністікпен және жауапкершілікпен қарау керек.
    Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге ниетті сарбаздарға әскерге аттану рәсімінде өзгерістер бар. Айталық, жас буынмен әскери бөлімдерге кетер алдында міндетті түрде ПЦР-зерттеулер әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Ал, бөлімге келгеннен кейін жастарды екі апталық карантинге оқшаулайды. Карантин кезінде медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.