Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулық әзірлеу жұмысы басталды
    Айғақ MEDIA

    Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулық әзірлеу жұмысы басталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.02.2021760 Views

       Ерекше қажеттілігі бар балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тетігін қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Балабақшаларды дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленді. Онда ваучерлік жүйені енгізу, балабақшалармен қамту, жаңа мемлекеттік стандарт қабылдау және балабақшаларда қолайлы жағдай жасау шаралары қарастырылады. Мемлекет басшысы тапсырған сумен жабдықтау, ыстық сумен қамтамасыз ету,кәріз мәселелері бойынша жағдай слайдта көрсетілген. Әсіресе, Түркістан, Қостанай, Шығыс, Солтүстік, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақмола облыстарында бұл проблема өзекті. Мәселе бекітілген мерзімде шешілуі керек», — деді министр. Оның айтуынша, инклюзивті білімді дамытуға сәйкес, ерекше балаларға арналған ұйымдардың ашылу нормативі 50 мың балаға бір психологиялық-медициналық, педагогикалық кеңес есебінен өзгерту жоспарланады. Сондықтан қосымша 46 ПМК және 25 түзету кабинеттерін құру қажет. Бұл ерекше балалар үшін ауадай қажет шара. Бүгінде ПМК-ға ең үлкен қажеттілік Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қалаларында. Ерекше қажеттілігі бар балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тетігін қолға аламыз. Орта білімде оқу жүктемесін азайту мәселесі қаралады. Үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады», — деді Асхат Аймағамбетов. Сонымен қатар ол Президент тапсырмасына сәйкес, математика, тілдер және информатика пәндеріне ерекше назар аударылатындығын айтты. «Және де Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу үшін тиісті жұмыстарды бастадық», -деді ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.