Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтетін «Нұрсәт-2» шағын ауданының тұрғындары өмірлері үшін алаңдаулы. №130 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі мен Әлия Юсупова атындағы көркем гимнастика мектебінің тұсындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтерде тұрғындар жол ережесіне бағынғанымен автокөлік тізгініндегі жылдамдықты асыратындардың әрекеті тыйылмай тұр. Күннің райы қайтқан кешқұрым тұста дәл осы жолақ көлік жүргізушілеріне мүлдем көрінбейді. Себебі, жарық-шамдар орнатылмаған. Шымкент қаласы Полиция Департаментінің мәліметінше дәл сол маңдағы жазатайым оқиға жыл басынан бергі алғашқы жағдай екен.
Нұрсұлтан Назарбаев есімін иеленген даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолағында жол көлік апаты жиі тіркеледі. Салдары қайғылы оқиғамен аяқталатын жағдайлар да кездесіп жатады. Осылай деген жергілік тұрғындар бұл жолақтан өткен кезде «жанымызды шүберекке түйіп, иманымызды үйіріп өтеміз», — дейді.
Жарық шамдардың жоқтығынан орын алған жазатайым жағдайға Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Малимов: «Әкімшілік іскерлік орталығындағы Назарбаев даңғылындағы көшені сыртқы жарықтандыру жекеменшік әріптестік аясында биыл сәуір айында толығымен жарықтандырылады», — дейді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмағандар түрлі жарақаттармен Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бүгінде бас дәрігердің орынбасары Еркебай Бектаев 2006 жылғы және 2005 жылғы жасөспірімдер травматология бөліміне ауыстырылды. Ауырлық дәрежелері жанбастың сынуы мен сан сүйегінің сынуы. Қазігі таңда, хирургиялық емдеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде екені жайлы ақпарат берді.
