Балаларымыз үшін алаңдаймыз! Осылай деп дабыл қаққан «Нұрсәт-3» мөлтек ауданының тұрғындары жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығына қынжылады. Оған қоса, жол бойындағы жарық-шамдардың жоқтығы жергілікті халықтың жүйкесіне жүк салды. Сонымен қатар, аялдаманың жайы да көз қуантпайды. Жолдың бергі беті автобус күтетін аялдама болса, келесі бетіне бюджеттің қаржысы жетпеген бе тек қана қоғамдық көлік тоқтайтын белгі ғана қойылған.
Тұрғындардың бар айтары балаларымыздың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер өтетін жол мен жарық-шамдар орнатып беру. Әйтседе, көзбен көрсең қозғайтын мәселе біршама. Жолдың бергі бетінің өзінде бала-бақша мен мектепке қатынайтын жол бар. Ол жақта қолайсыз ауа-райында аяқ алып жүру мүмкін емес.