• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектердің бағасы 27%-ға төмендеді — А. Цой

27.01.2021
0

   Қазақстанда вакцинация басталар алдындағы дайындық жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 1 млн адамға шаққанда 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Өлім-жітім бойынша Қазақстан рейтингте 97-орында, COVID-19 тестіленушілер саны бойынша — 69-орында, сауыққандар саны бойынша — 87-орында, ауыр жағдайлар саны бойынша —  50-орында. «Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда  COVID-19 оң нәтижесімен 179 720 науқас және КВИ- нәтижесімен 47 445 жағдай тіркелді. Науқастардың 87%-ы сауығып кетті. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарлардың жүктемесі — 31%, реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 19% құрайды», — деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын матрицаға сәйкес эпидемиялық жағдайға бағалау жүргізеді. Мәселен, 26 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл аймақта» 8 өңір бар: Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Бұл ретте Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында эпидемиологиялық ахуалға тиісті бақылаудың жоқтығы байқалады. «Нәтижесінде, елдегі аурулардың 40%-ы осы аймақтарға тиесілі. Осыған байланысты осы өңірлердің әкімдері тиімді қосымша шектеу шараларын қабылдап, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуі қажет», — деді А. Цой. Жалпы республика бойынша қараша айынан бастап КВИ ауруының өсуі байқалады, желтоқсан айында қараша айымен салыстырғанда 1,2 есе өсу байқалды. Орташа өсу үрдісі қаңтар айында да сақталды. Мәселен, қаңтар айында КВИ-мен ауырудың 24 247 жағдайы тіркелген. Шығыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Науқастарға көмек көрсету үшін Қазақстанда 74 мыңнан астам дәрігер тартылған, оның ішінде 28 мыңға жуығы — бейінді мамандар. Ауыл халқының медициналық көмекке қолжетімділігі қолда бар жылжымалы медициналық кешендер есебінен, оның ішінде 2020 жылы қойылған 100 ЖМК есебінен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 2020 жылы өңірлерге 1167 бірлік санитарлық автокөлік келіп түсті. Инфекциялық стационарларға 5 мыңнан астам ӨЖЖ аппараты жеткізілді, шамамен 43 мың төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, 15 инфекциялық стационар салынды, 3 қайта бейінделген нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды, 1 нысанның құрылысын ағымдағы жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр. Барлық өңірлерде жалпы сомасы 17 млрд теңгеге тұрақтандыру қорлары құрылды. «Бірыңғай дистрибьютордың 4 хабында COVID-19 бойынша дәрі-дәрмектердің екі айлық жаңартылатын қоры, 10 млн маска және 400 мың жеке қорғаныс құралдары қалыптастырылды. Тестілеу қуаты тәулігіне 40 мыңнан 100 мыңға дейін артты. Осылайша, қабылданған шаралар COVID-19 ауруының ағымдағы өсуін ескере отырып, халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді денсаулық сақтау министрі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 1 ақпанда республикада вакцинация науқаны басталады деп жоспарлануда. «Вакцинация вакцинаның түсуін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін 6 млн-ға жуық қазақстандықты вакцинациялау жоспарланған. Бірінші кезеңде вакцинация КВИ-мен күресудегі «алғашқы желі» қызметкерлеріне жасалады — бұл медицина қызметкерлері, педагогтар және күш құрылымдарының қызметкерлері», — деп атап өтті ол. Қазіргі уақытта вакцинацияны бастауға дайындық жұмыстары аяқталуда. Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді. Вакцинация жүргізу туралы деректер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады. «Веб-қосымшада пациент пен медицина қызметкерінің m-gov мобильді қосымшасында ақпаратты қолмен енгізуге мүмкіндігі бар», — деп қосты А. Цой. Сондай-ақ, министр 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалды дамыту жөніндегі болжамдарымен бөлісті. Мәселен, міндетті маска режимін, әлеуметтік ара қашықтықты және күтілетін вакцинацияны қоса алғанда, қолданыстағы шектеу шараларын сақтай отырып, ауру жағдайларын тіркеудің ықтимал өршуі осы жылдың наурыз айының соңында орын алуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеу күтілуде, ал төсек-орын қорының қамтылуы 24 мың төсек-орынға дейін жетуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша тіркеу тәулігіне 9 мың жағдайға, ал төсек-орын қорын қамту 45 мың төсек-орынға дейін жетуі мүмкін, бұл денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемеленуіне жол бермеу үшін қатаң карантин шараларын енгізуді қажет етуі мүмкін. Болжам бойынша, бірінші жартыжылдықта 2 млн адамды вакцинациялау 40 мыңға дейін тіркелетін жағдайды азайтады. Вакцинациядан болатын әсер бірінші кезеңде иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен және халықтың көп санын бір мезетте вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектелетін болады. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрақтарына жауап бере отырып, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істегеннен кейін дәрілік препараттардың бағасын 27%-ға төмендетуге қол жеткізілгенін айтты. Сондай-ақ, «Халық денсаулығы туралы» Кодекске түзетулер енгізу, атап айтқанда, бөлшек сауда нарығындағы бағаларды реттеуді жою жоспарда бар. Министрдің айтуынша, осының арқасында бөлшек сегменттегі бағаны төмендету үшін қосымша негіз құруға болады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы баяндады. «Қазір нақты жоспар әзірленді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында. Біз құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен депутаттар қатарынан 23 адам кіретін қоғамдық жұмыс тобын құрдық. Сондай-ақ, біздің “СҚ-Фармация”-ның бақылаушы кеңесі қосымша қоғам өкілдерін де қосты. Дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау бойынша қызметтерді электрондық сатып алуға көшу өте маңызды. Қазір ол толықтай электронды. Биыл біз дәрі-дәрмектерді сатып алу процесін толығымен автоматтандыруды және оны 100% жаңа форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз, бұл да оң нәтижесін береді», — деді ол. А. Цойдың айтуынша, осы өзгерістердің арқасында өткен жылмен салыстырғанда шамамен 32,7 млрд теңге үнемделді. Сондай-ақ, «СҚ-Фармация»-ны қайта жүктемелеудің жеке бағдарламасы әзірленді. Қазір дамудың жаңа стратегиялары жасалды. Мәселен, өткен жылы саланы ынталандыру үшін отандық тауар өндірушілермен 24 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды. Дәрілік заттар мен бұйымдардың 1465-ке жуық жаңа атауы мәлімделіп, Қазақстан ішінде шығарылатын болады. Медициналық мекемелердің вакцинациялауға дайындығына қатысты, денсаулық сақтау министрі барлық медициналық ұйымдардың тиісті оқытудан өткендігі туралы баяндады. Олардың әрқайсысы вакцинация бойынша барлық мүмкін сұрақтарды талдап, «суық» тізбекті қамтамасыз етті. «4 градустан 8 градусқа дейінгі температуралық режимде бұл логистикалық желі салынған. Ол жұмыс істейді. Біз үшін тізбекті -20 форматында қамтамасыз ету қосымша қиындық болды, өйткені алғашқы вакцина ресейлік «Спутник V» болады. Өңірлермен тиісті жұмыстар жүргізілді, қосымша тоңазытқыш жабдықтары сатып алынды. Өңірлердегі “СҚ-Фрамация”-ның барлық хабтарында бұл жабдық бар. Қазір логистика тексерілуде», — деді денсаулық сақтау министрі. Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлерін оқыту бойынша операциялық процедураның арнайы стандарты және вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықтың жасалғанын айтты. Сонымен қатар, қазіргі уақытта министрлік БАҚ-та жариялау және халыққа вакцинацияның пайдасы, кезеңдері, көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері, медициналық қарсы көрсетілімдері туралы ақпаратты жеткізу үшін материалдар дайындады.

Primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.