Енді Шымкент қаласында қоғамдық көлік жүргізушілері 5 күндік оқу курсына қатысып, арнайы мамандардан және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету мәселесінде білім алатын болады. Жаңа жоба биыл наурыз айында қолға алынбақ. Онда жүргізуші қызметтік тәртіпті сақтау, жолаушыларға сыпайылық таныту мен психологиялық дайындық туралы үйренеді. Айта кетейік, сертификаты жоқ жүргізуші қоғамдық көлікті басқару қызметіне орналаса алмайды.
Сертификат табысталғаннан кейін жүргізуші тарапынан еңбек тәртібін бұзу жағдайы орын алса, қайта аттестациялаудан өтуі міндеттеледі. Алэтикалық нормаларды қоса бұзған жағдайда қызметтен босатылады.Тағы бір айта кетері, аталған оқу курсына бару көлік жүргізушілерінің бос уақытына ыңғайластырылады.