2021 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей, Беларусь пен Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 547 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен — 856, анықтамасыз — 273; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен — 346; анықтамасыз — 72. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 22 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 340 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті. ҚазАқпарат