Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Тарихы ғасырға жуықтаған Ленгірдегі білім ұясына жаңа ғимарат қажет
    Айғақ MEDIA

    Тарихы ғасырға жуықтаған Ленгірдегі білім ұясына жаңа ғимарат қажет

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.01.2021756 Views

    «Елу жылда ел жаңа» — дейді дана халқымыз. Бірақ қабырғасының қаланғанына 80 жылдан асып, тозығы жеткен Леңгір қаласындағы №6 жалпы орта мектебінің ғимараты әлі күнге дейін жаңармай тұр. Қабырғалары шытынап, еңсесі түскен ескі ұяда 395 шәкірт тәрбиенің тәртібіне шомып, ұстаздан үлгі, болашағына бағдар алады.

    Кешегі бала шәкірт болған  бүгінгі ел ағалары қазірде немерелерін осы қабырғасы қисайған білім ұясына жетектеп жүр.  Шатыры шайқалып, едені қырық жамау болған мектепке баласын бергісі келмегенімен, оқу ордасының білім жүйесі ұнайды. Тозығы жеткен мекеменің акт залы жабылып, баланың денсаулығына жауапты медициналық пункттің жағдайы санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беруден қалған.  Біліммен қаруланатын заманда тиімді білім алатын орынның болмауына кім жауапты?   Мектептерді заманауи жабдықтармен толтырмай тұрып, алдымен білім ордасының іргесін қалап алған жөн болар. Баласының болашағына  алаңдаған ата-ана 2018 жылда сызылған жаңа мектептің дайын жобасын арқалап талай есікті қақты. Шырылдайтын себеп те бар. Осы жылдың қыркүйегіне дейін бұл жоба қолға алынбаса, құрылыс құжатының сметасына жұмсалған 10 млн-дай қаражатауаға ұшайын деп тұр.

    Мектеп ғимаратына қатысты жергілікті жұрттың шағымын ескерген «Nur Otan» партиясы бесжылдық дамудың «Білім беру сапасын арттыру» бағдарламасы бойынша биыл Леңгір қаласындағы №6 мектепке 200 орынға арналған құрылыс жұмыстарын жүргізу назарға алынған. Үкілеген үмітімен заманауи білім ұясының бой көтеруін сарғая күтіп отырғандар осы шаруаның ертерек  жүзеге асқандығын қалайды.

    aigak.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.