Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA» Суы жоқ өрт сөндіруші
    Айғақ MEDIA

     Суы жоқ өрт сөндіруші

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.01.2021465 Views

    Шымкент қаласында өрт гидранттарының кейбірі асфальт астында көміліп қалса, енді бірінің бұранғылары істен шыққан. Осындай олқылықтардың әсерінен Төтенше жағдай қызметкерлері тілсіз жауды сөндіру кезінде су тапшылығына жиі кезігеді. Осы мәселені шешу мақсатында Департамент қызметкерлері жауапты мамандардың қатысуымен жиын өткізді.

    Жаман айтпай, жақсы жоқ. Дегенмен, зәулім ғимараттың бірі қызыл жалынға оранды делік. Өрт сөндіру қызметкерлері дәл уақытында сол жерге жетті. Тілсіз жаумен күресу үстінде судың тапшылығы орын алады. Сол сәтте жақын маңдағы өрт гидранттарынан қосымша су алып, отты жалынның одан әрі өршіп кетпеуінің алдын алу жауапты мамандардың міндеті. Бірақ, үшінші мегаполисте өрт гидранттарының біршамасы жарамсыз күйде қалған.

    Шымкент қаласының көше бойларында жалпы 3715 өрт гидранты есепке алынған. Былтыр қазан-желтоқсан айларында жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде 1087 өрт гидранты жарамсыз деп танылып отыр. Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің тексеруі бойынша оның 161-і асфальт астында көміліп кеткен. Қалған құрылғылардың тозығы жетіп, кесіп тасталынған. Одан да басқа түрлі себептер бар. Дәл осындай кемшіліктердің әсерінен өрт сөндіру тұсында жүйелі жұмыстар атқарылмай жатады.

    Өртті дер кезінде сөндіру – ең бастысы адам өмірін өлімнен арашалап, құнды заттарды аман алып қалуға және өрттің одан әрі өршуіне жол бермеуге септігін тигізеді. Сондықтан қала аумағында орналасқан өрт гидранттарының техникалық жағдайына жайбарақат қарамаған жөн.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.