Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 қаңтардағы бұйрығы негізінде Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Отырар аудандарының прокурорлары тағайындалды, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі Түркістан облысы прокурорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дәулет Бекбашұлы Тлемісов Сайрам ауданының,
Оразалы Ералханұлы Абдраманов Төлеби ауданының,
Каукен Бахытбайұлы Нәрікбаев Ордабасы ауданының,
Бақытхан Төлегенұлы Бөлеулиев Отырар ауданының прокуроры қызметіне келді.
Дәулет Тілемісов 1982 жылы 27 қыркүйекте Түркістан облысы Түлкібас ауданында туылған. Қазақ гуманитарлық — заң университетін бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. Оразалы Абдраманов Сарыағаш ауданының тумасы, аға әділет кеңесшісі.
Ал бұған дейін Отырар ауданының прокуроры қызметін атқарып келген Каукен Бахытбайұлы Шымкент қаласында туылған, Қазақ гуманитарлық — заң университетінің түлегі. Сыныптық шені –әділет кеңесшісі.
Бақытхан Төлегенұлы – 1976 жылы 5 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданында туылған. Қазақ гуманитарлық — заң университетін бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.