Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент «KUNDELIK.KZ» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
    Айғақ MEDIA

    Шымкент «KUNDELIK.KZ» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.01.20211 034 Views

    ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Kundelik.kz» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде Шымкент қаласы «Алтын белгі» жүлдесімен марапатталды. Марапатты қала «Kundelik.kz» ЖШС директоры Марат Ищанов қала әкімі Мұрат Әйтеновке табыстады.

    Мұндай жетістікке білім басқармасының, мұғалімдердің және ата-аналардың белсенділігінің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Электронды құжаттарды қолдану және жетік меңгеру заман талабы. Қашықтан білім беруде біздің ұстаздарымыз өздерінің білімі мен біліктілігін көрсетіп қана қоймай, республикада үздік екендігін дәлелдеді, — деді қала әкімі.

    Марапаттау рәсімінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлына мектептерді компютермен жабдықтауда және қаладағы мектептер мен елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуды жіті мән бергені үшін рақметін айтты.

    Kundelik.kz электронды журнал жүйесі 2016 жылдан өзара келісімшарт негізінде мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жұмыс атқарып келеді. Елдегі індетке байланысты қашықтан білім беруде электронды журналдың маңыздылығы артты. Биыл алғаш рет 2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығы қорытындыланып, электрондық журналдың ең белсенді пайдаланушылары марапатталды.

    «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Шымкент қаласының мектептеріндегі ресми құжат болып табылады. Қазіргі таңда бұл жүйеге қаладағы 151 мектеп қосылған. Электронды құжатты 20 003 мұғалім сапалы және уақтылы толтырып, белсенділік танытқан.

    Айта өтсек, Шымкентте ІІІ тоқсанды бітіруші сыныпта «кезекші сыныптар» қағидаты бойынша 9 сыныпта 16 226 оқушы, 11 сыныпта 9 584 оқушы білім алуда. Оқушылар орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы сабақтарына қатысады.

    Фото:Береке Сейітжаппар

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.