Биыл Шымкент қаласындағы Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Көшенің жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым болса, жолдың ені – 2х14м құрайды. Жөндеу жұмыстарын мердігер «Корпорация Береке-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды.Жоспар бойынша Республика даңғылындағы жол өткелін (туннель «Колос») абаттандыру, оның ішінде сыртқы келбетін жөндеу, гидро оқшаулау және жарықтандыру жұмыстары да қамтылған. Жөндеу жұмыстары маусым айында басталып, бүгін толық аяқталып отыр.Сонымен қатар, өткелдің маңындағы түйе мүсіндері мен кіші архитектуралық формалар толық демеушілер есебінен орнатылғанын айта өткен жөн.Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Фото: Серік Қосаев
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі