• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Минск қаласындағы орта мектепте қазақ тілін, тарихы мен әдебиетін оқыту кабинеті ашылды

21.11.2020
0
20 қарашада Минск қаласындағы М.Әуезов атындағы № 143 орта мектебінде Әл-Фараби атындағы қазақ тілін, тарихы мен әдебиетін оқыту кабинеті ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің фейсубктағы парақшасында жазды.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев, Завод ауданы әкімшілігінің басшысы Сергей Масляк, бейнеконференция форматында – «Отандастар» қорының Вице-президенті Мағауия Сарбасов және «Отандастар» қоры Президентінің кеңесшісі Болат Дидар қатысты.
Мектеп қонақтарын 10 сынып оқушылары Никита Шалай мен Виолетта Дрозд қарсы алды, олар қазақ ойшылы, ағартушысы және ақыны Абай Құнанбаев пен белорус ақыны Максим Танканың өлеңдеріне жазылған музыкалық-поэтикалық композиция орындады.
Елші А. Бейсенбаев іс-шараға қатысқаны және қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезов атындағы №143 орта мектепке ерекше назары үшін Минск қаласы Завод ауданы әкімшілігінің басшысы С. Маслякқа алғыс білдірді. Мектеп М.Әуезов көшесі, № 5 ғимаратта орналасқанын атап кету қажет. Беларусь астанасынан үш жарым мың шақырым жерде өзінің өшпес туындыларын жарыққа шығарған қазақ жазушысын мәңгі есте сақтаудағы Минск қаласы мен Завод ауданы әкімшіліктерінің кешенді тәсілі қазақстандықтардың терең ризашылығын, екі бауырлас халықтың бірлігі сезімін тудырады.
Елші Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі «Отандастар» қорымен бірлесіп қазақ тілін, әдебиеті мен тарихын оқыту кабинетін ашу бойынша іске асырылған жаңа жоба туралы айтып берді. Оның жайы қайта жөндеуден өтті, дизайнды қоса алғанда онда барлығы Қазақстан мен Беларусьтің өзара достығы мен ынтымақтастығы идеясына бағынады. Қазақ тілін, Қазақстан тарихы мен әдебиетін оқып-үйрену аса қызықты және тиімді болуы үшін қазақстандық тарап мектепке кең форматты теледидар, интерактивті оқулықтар, сөздіктер, танымдық әдебиеттер сыйлады.
Елші 870 жылы қазіргі Қазақстан аумағының оңтүстігінде Сырдария өзенінің бассейнінде орналасқан Отырар қаласының маңындағы Фараб қаласында дүниеге келген және жаңа оқыту кабинетіне есімі берілген Әбу Насыр Әл-Фарабидің жеке басына ерекше назар аударды. Орта ғасырларда бұл қала Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолдарының қиылысында орналасқан ғылыми және мәдени орталық болды.
«Әл-Фараби феномені оның ғылыми қызығушылықтарының аясы өте кең болғандығында, оны энциклопедиялық ғалым деп атағаны кездейсоқ емес. Оның ғылыми мұрасының әлемдік маңызы бар, ол тек философияны, дінді, логиканы, этиканы ғана емес, сонымен қатар математика, химия, биология, астрономия, медицина, юриспруденцияны дамытуға елеулі үлес қосты. Әл-Фараби ежелгі ғалымдардың – Аристотельдің, Платонның, Евклидтің, басқа да ежелгі грек ойшылдарының еңбектерін қазіргі тілдерге аударған», — деп атап өтті А. Бейсенбаев.
«Осы сыныпта алған білім сіздерге әрі қарай оқуда, өмір жолында пайдалы болатынына, табысты адам болуға көмектесетініне сенімдімін», — деді А. Бейсенбаев.
Завод ауданы әкімшілігінің басшысы С. Масляк екіжақты байланыстарды нығайту үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың, білім алмасудың маңыздылығын атап өтті. Аудан әкімшілігінің басшысы №143 орта мектептің терең және көпжоспарлы дәстүрлері бар екенін, олардың ішінде қазақстандық вектор – ең бай, қызықты және қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі екеніне ерекше тоқталды. Ол қазақ тілін, әдебиеті мен тарихын оқыту жөніндегі маңызды әрі қызықты жобаны іске асырғаны үшін Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігіне алғысын білдірді.
Мектеп директоры Дмитрий Бочаров Минск қаласындағы №143 орта мектептің Қазақстанмен достық қарым-қатынасы 1998 жылы бастау алғанын, ал 11 жылдан кейін мектепке М.Әуезовтің есімі берілгенін атап өтті. Осылайша, екі ел арасындағы достық көпірі салынды, соның арқасында мектептің көптеген оқушылары Қазақстанда болды, ал қазақстандық делегациялар өз сапарларында мектепке кірмей қайтпайды. Атап айтқанда, 2011 жылы Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов балаларға қонаққа келді.
Қазақстандық «Отандастар» қорының басшылығы – Вице-президент М. Сарбасов қазақ тілін онлайн оқыту жобасына бастау берді. Алғашқы сабақты қазақ тілі оқытушысы, «QazWrite» жобасының авторы Айна Алпысбай өткізді. «QazWrite» жобасын іске асырудың нәтижесінде қазақ диаспорасының өкілдері, бизнесмендер, әлемнің түрлі елдеріндегі қарапайым адамдар қазақ тілін қашықтықтан оқуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, қонақтар мектеп оқушылары 50-ден астам сурет пен қолөнер бұйымдарын, ал кіші сынып оқушылары мультимедиялық презентацияларды ұсынған «Біз әр түрліміз, бірақ біргеміз» атты көркемөнер көрмесіне қатысты. Дәстүр бойынша көрме жыл соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Мен Қазақстан туралы не білемін?» байқауы аясында өткізіледі. Сонымен бірге, «Қазақстан-Беларусь» мәнерлеп оқу байқауы аясында оқушылардың дайындаған поэтикалық туындыларын, соның ішінде авторлық шығармаларды тыңдау, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары жазған ғылыми рефераттарды қорғау өтті.
Бұдан басқа, тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары да қатысатын «Қазақстан-Беларусь – достық көпірі» атты байқау өткізілгенін айта кету керек. Мерекелік күнді Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығына арналған «Что? Где? Когда?» бағдарламасы аяқтады.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.