Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында биыл 10 спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында биыл 10 спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.11.2020914 Views

    Түркістан облысында биыл 10 спорт нысандарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Алдағы 2021-2024 жылдар аралығында Түркістан қаласында Б.Саттарханов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернат-колледжінің ғимараты құрылысы, жоғары кешенді спорт шеберлігі мектебінің және облыстық дәрігерлік дене шынықтыру диспансері ғимаратының, Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін қайта құрумен қатар, 320 орындық көрерменге арналған қосымша ғимарат салу, халықаралық Теннис орталығы құрылысы, орталық атшабар құрылысы, Шардара су қоймасы аумағында желкенді спорт, байдарка және каноэде есуге бағытталған спорттық база құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев журналистерге арналған брифинг барысында мәлімдеді. Түркістан облысында жалпы 4458 спорт нысандары жұмыс жасайды. Аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың  2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, республикалық және халықаралық  жарыстарды сондай-ақ, бұқаралық спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін  7 мың орындық «Орталық стадион» құрылысы «Самұрұқ-Қазына» ҰӘА қоры АҚ-ы демеушілігімен салынып,  сыйға тартылды.Облыс орталығында бой көтерген тағы бір аса маңызды нысан бұл — «Бассейні бар спорт сарайы». Спорт кешені жүзу спортын дамытуға бағытталған. Бассейннің ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, тереңдігі — 2,5 метр. Ойын және жаттығу залдарымен жасақталған спорт сарайы Республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.