Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев: Коронавируспен күресте дәрі-дәрмек тапшылығы орын алмауы тиіс
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев: Коронавируспен күресте дәрі-дәрмек тапшылығы орын алмауы тиіс

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.11.2020430 Views

    Коронавирустық инфекцияның екінші ықтимал толқынына дайындық барысында, Түркістан облыстық медициналық ұйымдарын дәрілік заттар және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында республикалық және облыстық бюджет есебінен жалпы 2,1 млрд. теңге қарастырылды. Аталған қаржыларға дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен дезинфекциялық ертінділер сатып алынған. Қажетті заттардың 70%-ы медициналық мекемелерге беріліп, қалған 30%-ы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында сақтаулы. Халық денсаулығына төнген қауіптің жағадан алмасына кепіл жоқ. Сондықтан емдеу мекемелерінде қазір дәрі-дәрмектің 2 айлық қор резерві қалыптастырылған. Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткен Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жөніндегі көшпелі баспасөз — конференциясында мәлім етті.  «Өңірде тұрғындардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бөлшек сауда дәріханалары арқылы жергілікті тұрақтандыру қоры құрылып, облыс бюджеті есебінен 317,0 млн. теңге бөлінді. Облыс аумағындағы 557 бөлшек сауда дәріханаларының жартысына жуығымен өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде дәрі-дәрмек тапшылығы орын алмауы тиіс»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту болатын. Бұл тұрғыда ел көлемінде салынып жатқан 13 жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасының біреуі Түркістан қаласында бой көтеруде. 200 төсек орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы таяуда пайдалануға беріледі. Короновирустық инфекцияның өршуі ықтимал әр түрлі болжамына байланысты өңірдегі медициналық ұйымдарда төсек-орын санын 5 610 дейін ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Аймақта пандемияның екінші ықтимал толқынына дайындық жұмыстарын күшейту барысында инфекциялық стационарларда науқастарды қабылдауға 600 төсек-орын әзірленген. Сондай-ақ, 340 орындық карантиндік стационар қосылды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз-қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.