• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ

22.09.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында елдегі егін жинау жұмыстарының барысы қаралды. Астық жинау науқанының қарқыны туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады. Министрдің айтуынша, биыл елімізде егін жинау жұмыстары уақытылы басталды, бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылғыдан жоғары. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4%-ында егін жиналды, ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,6% жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна). «Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі еліміздің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді С. Омаров.  Министрдің айтуынша, келесі қадам — егіннің сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету. Жалпы алғанда, елдегі қолда бар сақтау қуаттылығы, өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды есепке алғанда, болжамды өнім түсімін сақтау үшін жеткілікті. Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тоннаны құрайды, оның 12,1 млн тоннасы – астық қабылдау кәсіпорындарында, 16,7 млн тоннасы – ауыл шаруашылығы өндірушілерінде. «Сонымен қатар әкімдіктер элеваторлардың 2020 жылғы түсімді уақытылы қабылдауына үнемі мониторинг жүргізуі, сондай-ақ астықтың үздіксіз орын ауыстыруын тұрақты бақылауда ұстауы қажет», — деді С. Омаров. Жаңа өнімнен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3 млн тонна астық түсті, бұл 2019 жылғы осындай мерзімде астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға келіп түскен астық көлемінен 2,1 есе көп. Биылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша элеваторларға 2,4 млн тонна бидай келіп түсті, бұл 2019 жылға қарағанда 2,8 есе көп; 504,6 мың тонна арпа келіп түсті, бұл 2019 жылғы деңгейден 2%-ға көп; 114,5 мың тонна басқа дақылдар (сұлы, тары, қарақұмық, күріш) келіп түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артық.  Аталған деректер егін жинау қарқынының өткен жылмен салыстырғанда жоғары екендігін тағы бір рет растайды. «Жаңа егін астығының сапасы жоғары көрсеткіштерге ие екенін байқауға болады. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жалпы бидай көлемінің 83,8%-ы 1-3-санаттарға жатқызылды, бұл көрсеткіш 2019 жылы 67,2%-ды құраған болатын. Тиісінше, 4-5 санатты және санатсыз бидайдың үлесі 2019 жылғы 32,8%-дан 16,2%-ға дейін төмендеді», — деді С. Омаров. Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түскен астық сапасы туралы деректерге сәйкес дән маңызы жоғары бидай үлесінің едәуір өскені байқалуда, бұл бидайдың маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Стандартқа сәйкес 3-санатты бидайдағы дән маңызының мөлшері 23%-ды құрауы тиіс. Министрдің айтуынша, биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғарылады. Мәселен, 3-санатты бидай көлемінде дән маңызы 25-27% болатын астық үлесі 25,4%-ға жетті, 2019 жылы бұл көрсеткіш 23,4%-ды құраған еді, ал дән маңызының мөлшері 28% және одан жоғары болатын жоғары сапалы, жоғары сұранысқа ие HI-Pro бидайының үлесі 59%-ға жетті, өткен жылы бұл 42,8% болатын. С. Омаров атап өткендей, сапалы өнімнің алынуы мемлекеттің өсімдік шаруашылығына қолдау көрсету жөніндегі мақсатты саясатының арқасында мүмкін болды. Осы жылы тұқым шаруашылығын субсидиялау көлемі 49%-ға ұлғайды (9,4 млрд теңгеден 14 млрд теңгеге дейін), бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жоғары репродукциялы тұқым сатып алуға қолжетімділігін 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге арттыруға (39,4 мың тоннадан 135 мың тоннаға дейін) мүмкіндік берді. Тыңайтқыш сатып алуды субсидиялау көлемі 38%-ға едәуір ұлғайды (19 млрд теңгеден 26,1 млрд теңгеге дейін), бұл тыңайтқыш енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 20%-ына дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кепілдендірілген және сапалы өнім алуда егістерді зиянкестер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу бойынша қабылданған шаралардың маңызы зор болды. Биыл пестицидтерді субсидиялауға 36,4 млрд теңге көзделді, бұл 2019 жылға қарағанда 9 млрд теңгеге көп. 2020 жылға дейін тек гербицидтер (арамшөптерге қарсы препараттар), биопрепараттар мен биоагенттер субсидияланғанын атап өткен жөн. Осы жылдан бастап пестицидтердің инсектицидтер мен фунгицидтер (өсімдіктер зиянкестері мен ауруларына қарсы препараттар) сияқты басқа да түрлері субсидияланады.

Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес (2020 жылғы 27 тамыз) астық өндірісінің Ресейде, Канадада, Австралияда өсуіне байланысты 2020 жылғы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 трлн тонна болады деп бағалануда, маусым жоғары астық қорымен – 630 млн тонна мөлшерінде аяқталады.  «Оның ішінде Астық жөніндегі халықаралық кеңес Қазақстанда 17,7 млн тонна көлемінде астық жиналады деп болжауда, біздің бағалауымыз бойынша өнім 18 млн тоннаны құрайды», — деді С. Омаров. Астық жөніндегі халықаралық кеңестің бағалауы бойынша әлемде бидай өндіру көлемі 763,3 млн тоннаны, оның ішінде Қазақстанда 12,4 млн тоннаны құрайды. Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жолданатын болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) жөнелтілімі артуы мүмкін. «Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көптеген өтініштері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 24,5 млрд теңге бөлінді», — деді С. Омаров. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кепілмен қамтамасыз етуге қатысты қиындықтарын ескере отырып, форвардтық сатып алу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен жүзеге асырылды, 516 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға келісімшарт жасалды. Министрдің айтуынша, нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай 83-87 мың теңге дәлізінде, 4-санатты бидайға – 78 мың теңге, 2-санатты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады. Форвардтық мәмілелер бойынша күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағалары осы дақылдарды жинау аяқталған кезде кейінірек белгіленетін болады. Бұл ретте сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де ескерілді. Ақмола облысында егін жинау науқаны қалай өтіп жатқаны туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев баяндады. Бүгінгі таңда, әкімнің айтуынша, астық дақылдарын және бұршақ дәнді дақылдарын жинау жұмыстары аяқталу сатысында. Астық бастыру 4,2 млн га көлемінде немесе 95,5% алқапта жүргізілді. Орташа түсім гектарынан 11,2 центнер, 4,7 млн тонна астық бастырылды. Барлық астық қабылдау кәсіпорындары (65 дана) жаңа астықты қабылдауды жүзеге асыруда. Элеваторларға 1,5 млн тоннадан астам астық жеткізілді. Шаруашылықтардың астық қоймаларын ескере отырып, 6,6 млн тонна астық сақтау үшін мүмкіндік жасалды. «Биылғы астық сапасының көрсеткіштері өткен жылғыдан айтарлықтай жоғары: астықтың 90% 3-санатқа сәйкес келеді (өткен жылы 65%)», — деді Е. Маржықпаев.

Майлы дақылдар 125 мың гектарда немесе егістік алқабының 53% жүргізілді, жалпы түсім 85 мың тоннаны құрады, гектарынан орташа түсім – 8,5 центнер. Картоп пен көкөніс жинау аяқталды. Егін жинау науқанын аяқтау үшін, өңір арзандатылған дизель жанар-жағармайының қажетті көлемімен қамтамасыз етілді. Өңір аграрийлерінің атынан әкім Премьер-Министр мен Үкіметке ауыл шаруашылығы саласына көрсеткен қолдауы үшін зор алғысын білдірді, ол биыл 73,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде субсидия түрінде — 37,4 млрд теңге. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егіс жұмыстарын несиелендіруге 36,2 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Жалпы, өңірде егін жинау жұмыстарын табысты аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Сондай-ақ отырыс барысында аграрийлер атынан «Логос Грейн» ЖШС басшысы Арман Құдайбергенов сөз сөйледі. Қостанай облысы бойынша жиналатын дәнді дақылдар алқабы 4 млн 51 мың гектарды, майлы дақылар 640,5 мың гектарды құрайды. Бүгінгі таңда 3,8 млн гектар дәнді дақылдар немесе жиналатын алқаптың 95% бастырылғанын хабарлады облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Келесі жылдың егісіне арналған тұқым толық көлемінде құйылды (530 мың тонна).  «Астықтың күтілетін жалпы жиналымы 4 млн тоннадан асады. Облыс бойынша 60-тан астам ұн өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді, олар жыл сайын 2,5 млн тонна астық өңдейді, 1,2 млн тонна ұн экспорттайды.

Соңғы 3 жылда қуаты жылына 162-ден 270 мың тоннаға дейін ұн өндіретін ірі заманауи өндірістер – “Бест Қостанай” ЖШС, “Пионер Люкс” ЖШС, “Компания Саламат” ЖШС пайдалануға берілді», — деді Қостанай облысының әкімі. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау орны жеткілікті — 8,2 млн тоннаға арналған. Осы жылдың өнімінен желілік элеваторларға 640 мың тонна астық келіп түсті, сапасы жоғары келіп түскен бидайдың 87%-ы 3-санатқа жатқызылды. А. Мұхамбетовтың айтуынша, облыста элеваторлардың саны артып отыр. «Астық» элеватор жабдықтары зауыты» ЖШС зауыты көмегін көрсетуде. Кәсіпорын республикада ұқсас өндірісі жоқ елдің астық қабылдау кәсіпорындарына, ұн тарту комбинаттарына, теңіз терминалдарына жиынтықтаушы жабдықтар өндірісімен және жеткізумен айналысады. Малды қыстату үшін 1,6 млн тонна көлемінде бір жарым жылдық шөп қоры дайындалды. Келесі жылдың егініне жұмыстар жүргізілуде. 1 млн 38 мың гектар алқапта пар дайындалды, топырақты күзгі сүдігерлік өңдеу басталды. Форвардтық сатып алу бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары 6,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бүгінгі күні шаруашылықтар астықты уәкілеттілік берілген астық қабылдау кәсіпорындарында жинауда, 36,5 мың тонна астық әкелінді. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ сатып алу бағаларын белгілеген кезде астық форвардтық сатып алуды өтеу есебіне ресімделетін болады. Отырыста өңір аграршылары атынан «Қарқын» агрофирмасы» ЖШС директоры Еркін Бұқанов сөз сөйледі.

Солтүстік Қазақстан облысында өңір әкімі Құмар Ақсақалов хабарлағандай, бүгінгі күні дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 92,7% жиналды (2 988,5 мың га-дан 2770,6). Өнімділік гектарына 14,8 центнерді құрады (4100,5 мың тонна бастырылды). Биыл жауын-шашынның мөлшері 115 мм құрады, бұл нормадан 45%-ға кем (норма 208 мм). Дегенмен, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан диқандар жақсы өнім жинап алды. «Тұқым» ЖШС гектарынан 28 центнер (21 мың га), «Зенченко және К» КС 26 центнер (40 мыңга астам), «Новомихайловское 2003» ЖШС 25,3 центнер (9,1 мың га) және «Заградовское» ЖШС (12 мың га) 25 центнер, «АБИ-Жер» ЖШС (14,3 мың га) 23 центнер астық жинады. «Бұл нәтижеге агротехникалық жұмыстарды уақытылы орындау және мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілді», — деді Қ. Ақсақалов.  Ең алдымен, элиталық тұқымдар себіліп, сортты жаңарту көрсеткіші 8,7%-ға дейін жеткізілді.  Облыс алқаптарына 107 мың тонна (1,6 млн га) минералды тыңайтқыш енгізілді. Жалпы, жыл соңында бұл көрсеткіш 130 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Бұған қоса, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы пайдаланылды. Жыл басынан бері 41,8 млрд теңгеге 1 627 бірлік заманауи техника сатып алынды.  «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін 2 есе арттыруды, яғни алдағы 5 жылда 1 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Қ. Ақсақалов. Сүт-тауар фермаларының санын жыл сайын 10-ға дейін арттыру, бордақылау алаңдарын, бройлерлік құс фабрикасын салу, шошқа өсіру кешенін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.  Соның нәтижесінде, инвестиция көлемі 2,4 есеге өсіп, 250 млрд теңгеге дейін жетеді. 1,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. «Алда ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді 2024 жылға қарай 2,1 есе арттыру міндеті тұр. Осы мақсатта “Масло Дел” және “Молочный союз” серіктестіктерінің сүт өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту жобасы іске асырылып жатыр», — деді Қ. Ақсақалов. Сонымен қатар отырыс барысында аграрийлер атынан «KazFoodProducts» ЖШС құрылтайшысы Әлихан Талғатбек сөз сөйледі.

primeminister.kz сайтынан 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.