Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан полицейлері өте қауіпті cинтетикалық есірткіні тәркіледі
    Айғақ MEDIA

    Түркістан полицейлері өте қауіпті cинтетикалық есірткіні тәркіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.08.2020583 Views

    Түркістан облысы полицейлері Шымкент қаласының тұрғындарынан синтетикалық есірткі мен 2 кг-нан астам марихуана тәркіледі,- деп хабарлайды BAQ.KZ

    «Көкнар-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түлкібас ауданы Келте-Машат автожолында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «ВАЗ-21099» автокөлігін тоқтатып, тексерді.

    Жедел уәкілдер автокөлікті тінту кезінде есірткі заттары салынған полиэтилен пакеттерін тәркіледі. Ал автокөліктің жүк салғышынан марихуана салынған қап алынды.

    Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, полиэтилен пакеттерде жалпы салмағы 1,5 грамм болатын синтетикалық есірткі сақталған. Ал өсімдік түптері,  құрамында есірткі заты бар салмағы 2 кг-нан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Сондай-ақ, Сайрам ауданында синтетикалық есірткіні сатпақ болған тағы бір Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жедел уәкілдер салмағы 3 грамға жуық синтетикалық есірткі салынған 4 орама (пакетик)  тәркіледі.

    Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша, ол өз тәжірибесінде бұндай есірткіні алғаш рет кездестіріп отыр.

    «Екі жағдайда да біз, альфа пирролидино валерофенон (немесе альфаPVP) синтетикалық есірткілерін тәркіледік. Бұл біздің тәжірибемізде алғаш рет орын алып отыр. Есірткінің бұл түрі синтетикалық санатқа жатады, яғни зертханалық жағдайда, басқаша айтқанда жасанды түрде өндіріледі. Бұл өте қауіпті психостимулятор. Ақ немесе қызғылт түсті кристалдар. Мұнымен есірткіге тәуелділік өте тез жүреді. Тыныс алу және жүрек қызметіне теріс әсер етеді. Ал мамандандырылған көмексіз соңы өлімге әкелуі мүмкін. Есірткі қылмыстарын ашу үшін бізге бірнеше ай жұмыс істеу керек екенін атап өткім келеді. Қылмыстың бұл түрі жасырын жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта аталмыш есірткі Шымкенттен әкелінгенін анықтадық. Аталған екі жайт бойынша күдіктілер мегаполис тұрғындары болып шықты, олардың біреуі бұрын сотты болған. Ер адамдар қамауға алынды. Ұсталғандардың біріне қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ал екіншісі ҚР ҚК-нің 297-бабымен «Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» тіркеліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда»- деді ол.

    Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды есірткіге байланысты қылмыс жасаудан сақ болуға, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіретін зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.