• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Газета

Мамандығын міндетімен ұштастырған ұстаз

25.05.2020
0

Ұстаз атты ұлы есімді иеленген жандардың ұрпақ тәрбиесіндегі еселі еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Тұлғалық даму, даралану жолында кездескен мұғалімдердің ұлықты ісі – қашан да өнеге болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыруды дәріптеу, әсте қадірлеу — ұлтымызда өркен жайған әдебиет пен мәдениеттің түп тамырын қалыптастыруда тағы да ұстаз алдында бас ию мақсат, һәм міндет.

Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Төлеген Тәжібаевтың есімін иеленген Шымкент қаласындағы №47 мектеп-гимназиясы 30 жылдық тарихында талай шәкіртті алтын ұядан ұшырып, болашаққа қанаттандырды. Сол кезеңде мектеп табалдырығын жас маман болып аттаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мафруза Әділбекова бүгінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білікті мұғалім, аяулы ана, ардақты жан. Сонау 2000-шы жылдардан бастап Мафруза Үсенқызы оқытқан шәкірттер ортасынан топ жарып, қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларынан, ғылыми жұмыстардан жүлделі орындарды иемденіп жүрді. Жергілікті баспасөз беттерінде жас маман туралы сол кезеңде-ақ, алғашқы мақтаулы мақалалар жазыла бастады. Жан  жүрегі жақсылыққа құмар, адамгершіліктің асыл қасиетін ұлттық руханияттан алатын ұлағатты ұстаздың ғұмыр жолындағы жетістіктері тек биіктерге жетеледі.

Педагог – шәкірт жанының бағбаны, өз ісінің берілген ұстасы. Оның еңбегі шөлге құдық қазғанмен тең деп жатады.Адамның жасы қанша жыл өмір сүруімен емес, бойындағы абзал қасиеттерімен, парасат-пайымымен, жан дүниесінің жарқылымен, табиғат берген қуат-жігерімен таразыланса керек. Ішкі дүниесі мен сыртқы келбеті жарастық тапқан жанның бүгінгі заман талабына сәйкес балаларды оқыту методикасы оқушы жанын нұрландырады. Мафруза Үсенқызы тәрбиелеген талай шәкірт  Қазақстанның түкпір-түкпірінде.

Ұстаз мәртебесі – фило­со­фия­лық, психологиялық, тарихи, әлеу­меттік астары бар қадірлі ұғым және қоғам жауапкершілігін анық­тай­тын өлшем. Педагог тұғыры – қоғам мен мемлекет тұғыры. Ал, үнемі ізденіс үстінде жүретін Мафруза Әділбекова мұғалім мен шәкірт қарым-қатынасының білім беруден өзге рухани үндестік арқылы байланыс орнатудың биік екендігін БАҚ беттерінде де жазып жүр. Түрлі тақырыптарда қалам тербеп, бүгін мен болашақтың маңызды тұстарын түртіп келеді. Сондықтан да, шығар мектеп қабырғасында ұжым алдында беделді, оқушылары алдында сый-құрметке ие. Мұғалімнің әрбір сөзін заң деп білу, оны мойындау – күнделікті сабақты ұғынудан да жоғары. Қазақ руханиятың шоқтығы биік мәртебесін ұлықтауда, тәрбиелі тағлымды ұмытпауда – әдебиеттің орны қандай жоғары болса, ұстаздың оқушысы алдындағы сыйын жоғалтпауы да сондай маңызды. Дана бабаларымыз балаға бі­лім­­нен бұрын тәрбие берілуі керек екенін мұнан мың жыл бұрын айтып кеткен. Отбасы тәлімі мен елдік тәрбие – білім жүйесінің әрі өзегі, әрі айнасы. Қазақстанның отаншыл ұл-қызын оқытудың мақсаты мен мазмұны жылдан-жылға айқындалып келеді.

Ал, Мафруза Үсенқызының бұл міндетте бағы мен бабы қатар шапқан. Бүгінгі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын, рухани дамыған, рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық–әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани – адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты шығармашыл тұлға.

Әбу Насыр әл-Фараби сөзімен айтар болсақ,  «мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жеткен» бәсекеге қабілетті, жаңашыл, жасампаз маман.

Салтанат ТОЙБОЛОВА,

Республикалық «Айғақ» газеті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВ: ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚОРЫНЫҢ БІРДЕН АЗАЙЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ!

Қ.ТОҚАЕВ: ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚОРЫНЫҢ БІРДЕН АЗАЙЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ!

Айғақ медиа
30.10.2021
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Кездесу барысында Президент еліміздегі жанар-жағар май қорының бірден азайып кетуіне жол...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ФРАНЦИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ФРАНЦИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған Түркістан облысының фермерлер делегациясы Францияның Мец қаласында өткен «Агримакс-2021» халықаралық мал...

1966 жыл Түркия

1966 жыл Түркия

Айғақ медиа
07.10.2021
0

Сурет, 1966 жылы Измирде (Түркия) түсірілген. Екі үйекке жіктелген әлемнің мүйіздескен саяси текетіресі Түркияны да айналып өтпеген еді. Елде идеялогиялық...

ТӨЛЕБИЛІК АРУ ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ТӨЛЕБИЛІК АРУ ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
21.09.2021
0

Түркістан облысы Төлеби ауданының тумасы Назым Сатыбалды Венгрия елінің Будапешт қаласында спорттың кикбоксинг түрінен өткен əлем кубогінің қола жүлдегері атанды....

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖАҢА ШТАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТЫҢ ЖАҢА ШТАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.09.2021
0

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеді. ⠀ Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамыз айларында коронавирус науқастарынан...

Шымкентте БАҚ өкілдері марапатталды

Шымкентте БАҚ өкілдері марапатталды

Айғақ медиа
24.12.2020
0

Үшінші мегаполисте «Shymkentаqparat.kz» деп аталатын жаңа ақпараттық портал ашылды. Аталған сайт арқылы тұрғындар ресми ақпараттармен қатар, Шымкент қаласына қатысты мазмұнды,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.