КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...
Қазіргі уақытта «Turkistan Invest» өкілдері Түркістан облысының экономикасына инвестиция салуға шешім қабылдаған шетелдік инвесторлар үшін инвесторлық визаларды рәсімдеуде көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Компания аймақ инвесторларына жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуде.
Мысалы, 2020 жылдың 1-ші тоқсанында «TURKISTAN INVEST» компаниясымен бірге жалпы құны 23,18 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 197 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына 5 жоба өнеркәсіп саласында, 21,5 млрд.теңге сомасына 2 жоба энергетика саласында іске асырылды.
Агроөнеркәсіптік кешен саласына тоқталар болсақ, «Ecoinvest» ЖШС жобасының I кезеңі, яғни, 21 га жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. 2017 жылдан бастап Cottonex (Польша) компаниялар тобы Түркістан облысының Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салудың ауқымды жобасын іске асыруға кіріскен. Инвестицияның жалпы көлемі 11,3 млрд.теңгені құрайды және 200-ден астам жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, «Эко Культура» АӨХ жобасы аясында 500 га жылыжай кешендерінің құрылысы басталды. Ресей компаниясы аталмыш жобаны Түркістан облысы, Келес ауданында жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру 2020-2025 жылдарға жоспарланған. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта компания жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша 50 га жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ, «Тан Сари Трейдинг А» ЖШС «бақша дақылдары мен жемістерді (қауын мен қарбыз) сақтау және өнеркәсіптік өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешен» құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Жоба 2020 — 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Инвестиция сомасы-1,7 млрд.теңге. Компания өнімдері ТМД және ЕО елдеріне экспортталады. Сондай-ақ, энергия көздері саласында «ЮКСЭС» ЖШС (Risen Energy, Қытай) шетелдік инвестордың қатысуымен жаңа жоба жүзеге асырылды. Инвестиция сомасы 19 млрд. теңгені құрайды. «Risen Energy» компаниясы «ЮКСЭС» ЖШС-мен бірлесіп Созақ ауданында 125 га аумақта қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асырды. Бұдан басқа, шетелдік компаниялардың қатысуымен басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде «ARM Wind» ЖШС (Италия) – Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында қуаты 50 мВт күн электр станциясының құрылысын жүргізуде. Инвестиция сомасы-12,5 млрд. теңге. Естеріңізге сала кетейік,» ARM WIND » — Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік инвестор болып табылатын ENI (Италия) Халықаралық энергетикалық компаниясының еншілес ұйымы.
Сонымен қатар, «KZT Solar» ЖШС және «HEVEL KAZAKHSTAN»ЖШС компаниялары Кентау қаласында қуаты 110 мВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2020-2021 жылдарға белгіленген. Ал, «YDA Insaat» түрік компаниясы Түркістан қаласында халықаралық әуежай салуды жүзеге асыруда. Инвестиция сомасы — 78,8 млрд.теңге. 1500 жұмыс орныт ашылады. Жобаны іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланған.
Сондай-ақ, Ордабасы ауданында химия өнеркәсібі саласында «Standart Petroleum & Co»ЖШС көмір-химия комбинатының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 95 млрд.теңге. Екі кезеңде жүзеге асырылып, 1 000-нан астам жұмыс орны ашылады. I кезеңді іске қосу 2020 жылдың соңына, II кезең — 2021 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа жоспарланған басқа да ауқымы жобалар бар. Атап айтқанда, «Turkistan Invest» басқармасының қолдауымен көкжидек өсірумен айналысатын «Loy Almaty» ЖШС-нің қазақ-грузин бірлескен кәсіпорны өңірге тартылды.
«Asya Modern Sera» өндірістік жылыжайлар салумен айналысатын түрік компаниясы Түркістан облысының Келес ауданында голландтық технология бойынша ауданы 20 га өнеркәсіптік жылыжай салуды және 300 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Инвестицияның алдын ала сомасы — 8,8 млрд. теңге.Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...
Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...
Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...
Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...
Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.