Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімшелерінде қосымша сақтық шаралар енгізілді. Яғни Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақтың жеке құрамының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дезинфекциялық дәліз орнатылды. Бұл құрылғыны мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілері өздері жасаған. Бұл жүйенің тиімділігі қызметкерлердің киімдерін де залалсыздандыруға мүмкіндік береді.
Күнделікті өрт сөндірушілер таңертен жұмысқа кірісер алдында барлық сақтық кезеңдерден өтеді:
біріншіден, тепловизор арқылы дене қызуы өлшенеді;
екіншіден, арнайы дезинфекциялық сұйықтықпен қолдарын тазалайды;
үшіншіден – дезинфекциялық дәлізден өтеді.
Сонымен қатар, мамандандырылған жасақтың өрт сөндірушілері «101» телефон арқылы келіп түскен хабарламалар бойынша өрт сөндіруге шығып, қайта оралған кезде арнайы киімдерін осы дәліз арқылы түгел залаласыздандырып, бөлім аумағына кіруі тиіс. Бұл сақтық шаралардың барлығы қауіпті індеттен жеке құрамды қорғау және оның көріністерін болдырмауға бағытталған.