Шежірелі шаһарда бау-бақшаға бөленген ерекше саябақ бой көтереді. Жаңа жоба бойынша Түркістан қаласының іргесінде орналасатын жасыл аумақта жеміс ағаштары мен жүздеген өсімдік түрлері өсіріліп, шағын көлінде аққу, қаздар жүзіп жүреді. Түркістандықтар мен киелі мекенге саяхат жасайтын меймандарға арналған демалыс орны 28 гектар алқапты алып жатыр. Саябақ жұмысына бау баптаған бағбандар арнайы шақырылады.
Түркістан қаласында қазаны қайнаған құрылыс алаңдарында барлық жұмыстар жоспар бойынша жүріп жатыр. Төтенше жағдай ережелері қатаң ұстанып, санитарлық талаптар күшейтілген. Жыл соңына дейін 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсыру көзделген. Сонымен қатар, Мемлекеттік бюджет есебінен Түркістанда Облыстық құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен 126 нысан құрылысы жүргізілуде.
Атап айтсақ, жыл соңына дейін 900 орындық мектеп пен басқармалар мен департаменттер ғимаратының құрылысы аяқталады. «Тұңғыш Президент саябағы», «Желілік саябақ», «Арбат», «Бульвар», «Конгресс орталығы», «Нұр-Сұлтан алаңы», оқушылар сарайы, цифрлық кеңсе, бассейні бар үлкен спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, қалалық саябақ, «Драма театр», ғаламат кітапхана секілді бірнеше сәулет жауһары ел игіліне беріледі. Жеке салымшылар тарапынан бой көтерген «Керуен — Сарай» кешені, үш бес жұлдыздық қонақ үй және ең үлкен мешіт жыл соңына дейін есігін айқара ашады. Барлық құрылыс нысандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жол, су, газ, жылу, кәріз, электр желілері құрылысы жүргізілуде. Жалпы Түркістан облысының құрылыс басқармасы тапсырыс беруші және бағдарлама әкімшісі болып табылатын нысандарға 4000 астам жұмысшылар жұмылдырылған.ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...
Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...
Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....
2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.